ЖАРАЙСЫҢДАР, ЖЕРЛЕСТЕР!

Өткен аптада мұнайдың 120 жылдығына орай Теңіз ШеврОйл компаниясының ұйымдастыруымен Атырау қаласында «Мұнайшылар мұнай бер, соны сененен сұрайды ел» атты облыстық ақындар айтысы өтті.

Онда жеті ауданнан 14 ақын бақ сынады. Бұл сөз барымтасына ауданымыздың намысын қорғап барған қарабаулық жас ақын Батыржан Кәдірбай екінші орынды иеленсе, Бимырза Әбілқайыр үшінші орынды қол жеткізді. Арада апта өтіп «Жыр жұлдызы-Фариза» атты республикалық ақындар аламаны болды. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 22 ақын бақ сынаған айтыста тайсойғандық Шалқарбай Ізбасаров бірінші орынды жеңіп алды. Сөйтіп, олар аудан абыройын асқақтатып, ел қуанышын еселеді. Ендеше, жыр жүйріктеріне шығармашылық табыс, шалқар шабыт тілейміз!

Әсел ТАУШАНОВА

Айымгул Жалғасқызы

Күнтізбе

октября 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031