Эстрада жұлдыздары ауданымызда

Мерей тойымыздың құрметіне кешкілік орталық стадионда аудан өнерпаздары мен эстрада жұлдыздары мерекелік концерт қойды.

Алдымен «Арман» мәдениет үйінің әншілері Бисұлтан Мұхтаров, Раушангүл Стомма, Ризабек Амантайлар мерекелік ән шашуларын арнады. Содан кейін елімізге белгілі эстрада жұлдызы Ғаділбек Жаңай сахнаға көтеріліп, аудан тұрғындарын 75 жылдық мерейтойымен құттықтап, өз репертуарындағы халық сүйіп тыңдайтын әндерін шырқады. Сонымен қатар, өз әндерін халықпен бірге айтып, мерекеге жиналған көпшіліктің көңілін көтеру мақсатында қызықты ойындарды да ұйымдастырды. Ғаділбек Жаңайдан соң «Заман» тобына кезек беріліп, олар да көрермендерді мерейтоймен құттықтап, ел ықыласына бөленген әндерінен шашу шашты. Эстрада жұлдыздарының концертінен соң мерекелік от шашу атылып, шара өз мәресіне жетті.

Дулат ҒҰБАЙДУЛЛИН

Айымгул Жалғасқызы

Күнтізбе

октября 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031