АТЫРАУДА АЛАМАН АЙТЫС

 Атырауда ақын Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына орай «Жыр жұлдызы - Фариза» республикалық ақындар айтысы басталды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отырған айтысқа еліміздің барлық өңірінен 22 ақын келді. Шараға арнайы қатысқан Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың атынан құттықтап, ақындарға сәттілік тіледі.

ajt3

- Өзінің өмірін өлеңге арнап, барлық ғұмырын жырмен жырлаған жерлес апамыздың құрметіне Атырау облысының әкімдігі апталық шарасын өткізуде. Кеше ақын апамызға арналған конференция өтті. Сондай-ақ, өлең-жыр байқауларын, спектакльдер өткізу жоспарлануда. Тек осы шаралармен шектелмей, алдағы күндері де ауқымды шаралар өтетін болады, - дейді Серік Шапкенов.

Айта кетейік, «Жыр жұлдызы Фариза» республикалық ақындар айтысының финалдық кезеңі 13 қыркүйек күні сағат 10.00-де «Облыстық халық шығармашылығы орталығында» өтеді.

Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет: ӨКҚ

Айымгул Жалғасқызы

Күнтізбе

октября 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031