banerkzbig

"Алтын домбыра" байқауы мәреге жетті

Композитор, ҚР халық әртісі Әзидолла Есқалиев атындағы байқауға Қазақстан, Ресей, Тәжікстан және Қарақалпақстан елдерінен 19 күйші қатысты, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Байқаудың басты мақсаты – домбыра аспабын кеңінен насихаттап, қазақтың ұлттық өнерін дамыту және жаңадан шығып келе жатқан талантты орындаушыларды анықтау. Шараға Атырау облысы әкімінің орынбасары Жұмабай Қарағаев қатысып, аймақ басшысы Нұрлан Ноғаевтың атынан құттықтау хатын оқыды.

Сондай-ақ, БҚО-дан келген Ғ.Құрманғалиев атындағы филармонияның әртісі Жарас Сатыбалдиевке байқаудың бас жүлдесін табыстады. Байқау 2 кезең бойынша өтіп, бірінші кезеңде 11 үміткер іріктеліп алынды. І орынды - Индер аудандық мәдениет үйінің директоры иеленсе; ІІ орынды - Алматы қ., Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы Динара Нұрбаева мен РФ Астрахан облысы мемлекеттік автономиялық мәдени мекемесінің Құрманғазы атындағы өңірлік мәдени орталығының әртісі Ильнур Утепкалиев бөлісті; ІІІ орынды – Алматы қ. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері Назерке Балтабаева мен Тоғжан Кыдырсихова және Талдықорған қ. «Сазген» фальклорлы-этнографиялық ансамблінің домбырашысы Ботагөз Дүнгенбаева қанжығасына байлады.

Сонымен қатар, байқаудың арнайы жүлдесіне «Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясы» Атырау музыка колледжінің студенті Ерқанат Қадыр лайық деп танылды.

Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Күнтізбе

Редакция

 
Сисенов Бауыржан

Сисенов Бауыржан Аманұлы
- "Қызылқоға" газетінің бас редакторы

Бердіғалиев Бауыржан

Бердіғалиев Бауыржан Оқасұлы- Бірінші санатты тілші


Губайдуллин Дулат

Губайдуллин Дулат Берікұлы
- Екінші дәрежелі тілші


Тілегенова Гулмира

Тілегенова Гулмира Мақсотқызы
- Екінші дәрежелі тілші


kosybaeva-ajymgul

Қосыбаева Айымгүл Жалғасқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig