ЕСЕНҒАЛИЕВТАР ОТБАСЫ ТАМАША КЕШ СЫЙЛАДЫ

Жақында Арман» мәдениет үйінде аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Қызылқоға ауданының 75 жылдығына орай «Отбасымызбен өнерді еншілеген» атты Есенғалиевтар отбасылық ансамблінің ән кеші өтті.

askar3

Шара барысында, отбасылық ансамбльдің сан түрлі өнерімен аудан жұртын ел арасында танытып жүрген аталмыш ансамбльді құрушы, сазгер Ғинаятолла Есенғалиевтің өнегеге толы өмір жолдары көрермендерге таныстырылды. Одан әрі жүрек жарды лебізін арнаған аудан әкімінің орынбасары Марат Әбуов құттықтау сөз сөйлеп, өнерлі отбасылық ансамбльге аудан әкімі атынан алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етті.

Сондай-ақ, өнерлі отбасылық ансамбль қос ішекті домбырамен күмбірлете орындаған күйлерімен, мың бұрала билеген билерімен, тамылжыта шырқаған әндерімен көңілге көрікті ой ұялатып, жиылған көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Бұған қоса, ансамбльдің негізін қалаған Ғинаятолла Есенғалиевтің де әндері шырқалып, зор қошеметке ие болды.

Кеш соңында, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Асқар Ақтаев және әріптестері атынан «Шұғыла» мәдениет үйінің басшысы Ғафура Жанбосынова құттықтау сөз сөйлеп, көрермендерге тамаша кеш сыйлаған өнерпаздарға алғыстарын білдіріп, естелік сыйлықтарын табыс етті.

Нұрәділ ЕЛАМАН

Айымгул Жалғасқызы

Күнтізбе

октября 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031