ҰБТ 20 маусымда өтеді

Аудан бойынша ұлттық бірыңғай тестілеудің ІІІ кезеңі 20 маусымға жоспарланған.

Оған биылғы оқу жылында мектеп бітіретін 415 түлектің 279-ы қатысуға ниет білдіруде. Олардың 72-сі Миялы ауылында тұрса, 207 оқушы ауылдық округтерден тасымалданады. Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебінің базасында ұйымдастырылып отырған ҰБТ-да түлектер 10 аудиторияда сынақ тапсырады. Аудиториялар, бейнебақылау камералармен, салқындатқыш және ұялы телефон дабылын тұншықтырғыш құралдармен толық жабдықталды. Өткен аптаның жұмасы күні аудан әкімінің орынбасары Марат Әбуовтің төрағалық етуімен өткен ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі аудандық жұмысшы тобының мәжілісінде сынақ өткізу барысына дайындық жұмыстары пысықталып, тиісті тапсырмалар берілді. Айта кетсек, мемлекеттік қорытынды аттестаттау нәтижесінде 17 түлек алтын белгісін қорғаса, 7 түлек үздік аттестатқа ие болды.

Күнтізбе

Редакция

 
Сисенов Бауыржан

Сисенов Бауыржан Аманұлы
- "Қызылқоға" газетінің бас редакторы

Бердіғалиев Бауыржан

Бердіғалиев Бауыржан Оқасұлы- Бірінші санатты тілші


Губайдуллин Дулат

Губайдуллин Дулат Берікұлы
- Екінші дәрежелі тілші


Тілегенова Гулмира

Тілегенова Гулмира Мақсотқызы
- Екінші дәрежелі тілші


Қабдолова Әдемі

Қабдолова Әдемі Мирқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21