Жас техниктер жетістігі

Білімді жастар – еліміздің ертеңі.

Ал, білекке емес, білімге сенген жастарымыз ғылыми-техникалық жұмыстарда да өз бақтарын сынап жүр. Олар – Ш.Еркінов атындағы орта мектебінің оқушылары. Мамыр айының басында облыстық білім беру басқармасы мен әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен өткен техникалық шығармашылық және өнертапқыштар арасындағы жарысқа аталмыш мектептің оқушылары қатысып, жүлделі оралды. Атап айтар болсақ, «Кеме модельдері» номинациясы бойынша Диас Мұхтар ІІ орынды, «Әуе модельдері» номинациясы бойынша Бақытбек Уранұлы ІІІ орынды иемденді, Ал, «Радиомен басқарылатын көлік модельдері» номинациясында Ақан Дәулетияр ІІ орынға ие болса, Мақсат Ұзақбаев осы аталымда ІІ, ІІІ орынды қанжығалады. Ал, жарысқа белсенділікпен қатысқан Аманбол Болатұлы, Бексұлтан Серік, Эльдар Елеулер алғыс хатпен марапатталды.

Сонымен қатар, оқушыларды жарысқа дайындаған үйірме жетекшісі Жеңісбек Қожағалиға да алғыс хат табыс етіліп, оқушылар командалық есепте үшінші орынға ие болды. – Мектепте сабақтан тыс уақытта жүргізілетін техникалық-шығармашылық үйірменің мүмкіндігі зор. Үйірмеде оқушы тек мұғалімнің үйретуімен модель түрлерін жасаумен шектеліп қана қоймай, оған талдау жасайды. Ол оңай дүние емес. Бір сала да бірнеше саланың басын қосып, тәжірибе жинақтайды. Міне осыдан кейін жас техниктер болашақ кәсіптерін анықтап, техника әлемін зерделеуге, әртүрлі салалар бойынша қабілеттерін, біліктіліктерін шыңдауға мүмкіндіктері бар, – дейді үйірме жетекшісі Жеңісбек Қожағали.

Күнтізбе

Редакция

 
Сисенов Бауыржан

Сисенов Бауыржан Аманұлы
- "Қызылқоға" газетінің бас редакторы

Бердіғалиев Бауыржан

Бердіғалиев Бауыржан Оқасұлы- Бірінші санатты тілші


Губайдуллин Дулат

Губайдуллин Дулат Берікұлы
- Екінші дәрежелі тілші


Тілегенова Гулмира

Тілегенова Гулмира Мақсотқызы
- Екінші дәрежелі тілші


Қабдолова Әдемі

Қабдолова Әдемі Мирқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21