Түлектер білімі айқындалды

 Кеше Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектептің базасында аудан бойынша ұлттық бірыңғай тестілеудің ІІІ кезеңі өткізіліп, 11 жыл бойы мектеп қабырғасында оқыған оқушылардың білімдері сараланды.

Оған ҚР Білім және ғылым министрлігінің, облыстық бақылау департаментінің және ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері, мемлекеттік комиссия мүшелері қатысты. Мектеп бітіретін 415 түлектің 277-сі қатысқан сынақтың нәтижесінде, алтын белгі алған түлектердің бірқатары өз деңгейін қорғай алмады. Ең жоғары балл 125 болса, ең төменгі көрсеткіш 24 балл. Жоғары көрсеткішке ие болған Тасшағыл орта мектебінің түлегі, алтын белгі иегері Әсел Сәндібек. Мектептерінің мерейін асырған 12 оқушы 100-ден жоғары балға ие болса, 75 түлек 50-ден төмен балл жинаған. Шығармашылық бағытта сынақ тапсырғандарды қоспағанда орта балл 59,7 пайызды құрап өткен жылмен салыстырғанда (өткен жылы 64,3 пайыз) 4,6 пайызға төмендеп отыр. Ал, шығармашылық бағытта сынақ тапсырған 73 түлек бейіндік пәндерін өздерінің түсетін оқу орнынан тапсырады.

Бауыржан САҚТАСИНОВ

Күнтізбе

Редакция

 
Сисенов Бауыржан

Сисенов Бауыржан Аманұлы
- "Қызылқоға" газетінің бас редакторы

Бердіғалиев Бауыржан

Бердіғалиев Бауыржан Оқасұлы- Бірінші санатты тілші


Губайдуллин Дулат

Губайдуллин Дулат Берікұлы
- Екінші дәрежелі тілші


Тілегенова Гулмира

Тілегенова Гулмира Мақсотқызы
- Екінші дәрежелі тілші


Қабдолова Әдемі

Қабдолова Әдемі Мирқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21