Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Заңдағы өзгерістер талқыланды

Өткен аптада аудандық сотта «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 21 қаңтардағы №217-VI Заңының қағидалары туралы» тақырыбында құзырлы орган өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Онда сөз алған Айтжан Досмағамбетова: – Дөңгелек үстелді өткізудің мақсат заңдағы жаңашылдықтарды таныстырып, талқылау, түсіндіру. Бұл соттардағы жүктемені азайтуға және судьялардың назарын шын мәнінде күрделі сот дауларына аударуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, аталған жаңалықтар бойынша азаматтық іс жүргізуге өзгерістер енгізілген. Атап айтқанда, жазбаша дәлелдемелермен расталған даусыз талаптар бойынша істер нотариустардың қарауына беріліп, сот орындаушылардың санкцияларын қарау санаттарының тізімі қысқартылған, ендігі кезекте сотпен тек борышқорды мәжбүрлеп әкелуге және шетелге шығуға тыйым салу туралы қаулылары қаралады– деді.

Аталған шарада меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша заңдағы өзгерістер жан-жақты талқыланып, әр сала өкілдері пікірлерін ортаға салды.

Гүлмира ТІЛЕГЕНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521