Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Ардагерлер бильярд ойнайды

Аудан орталығындағы Ардагерлер үйінде зейнеткерлердің бос уақыттарында бас қосып өзара әңгімелесуге, теледидар қарап ой-пікірлерін ортаға салуға, газет-журнал оқуға, шахмат-дойбы ойнауға барлық жағдай жасалған. Сейсенбі күні мұның қатарына бильярд үстелі қосылды. Ардагерлердің сұрауы бойынша аудан әкімі Арман Баженовтың қолдауымен су жаңа бильярд столы Ардагерлер үйіне орналастырылып, зейнеткерлердің қатысуымен жарыс өткізілді.

Онда сөз сөйлеген аудан басшысы Арман Баженов:

– Бильярд ойыны спорттың бір түріне жататын, есеппен ойнайтын әрі дәлдікті қажет ететін ойын. Ардагерлеріміздің бұл спорт түріне деген құлшынысы арқылы ауданда жастардың бильярд спортына деген қызығушылығын арттыруға септігін тигізері анық, – деді.

Бұдан кейін сөз алған спорт ардагері, зейнеткер Байтас Мусин аудан әкімдігінің қамқорлығына ризашылығын білдірсе, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Карин мен Миялы ауылдық бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Жаубасар Мұқанбетов жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Бильярд ойынына Миялы, Жангелдин ауылдық округтерінен 10 адам қатысып, нәтижесінде жангелдиндік М.Махмутов І орынды иеленсе, миялылық бильярдшылар А.Арыстанов екінші орынды, Б.Кеулімжай үшінші орынды иемденіп, жарысқа қатысушы Б.Юсубалиев пен Р.Жақсығалиев «Үздік ойыншы» атанды.

Бауыржан САҚТАСИНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521