Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

САҒЫЗ ӨЗЕНІ КӨТЕРІЛІП КЕЛЕДІ

Сағыз өзенінің тасығанына бүгін үшінші күн. Өзенге «Ащыағар», «Ақтас» деп аталатын салаларынан да қардың суы құйылуда. Қазіргі таңда теміржол көпірі астындағы белгі бойынша өзен арнасының тереңдігі үш метрге жетіп, тасқын су 3-ші ауыл жағындағы бөгетке тірелді.

Сағыз ауылдық округінің әкімі Өтепберген Әділовтің айтуынша, бөгеттердің деңгейі көтеріліп, құм толтырылған қапшықтар қойылды. «Атырау-Ақтөбе» тас жолы бойына салынған көпірден өтіп үлгере алмағандықтан су деңгейі көтеріліп, теміржол бойын жағалай ауылға кіру қаупі туындады.

Сондықтан барлық күш сол жерге жұмылдырылып, сайлы жерлерге топырақ төгіліп, құм толтырылған қапшықтармен бекітілді. Бұл жұмыстарға округтің техникалары жұмылдырылды. Ал, Ноғайты өзені бұған дейін екі мәрте тасып кеткендіктен, әзірге одан қауіп жоқ. Мекеме қызметкерлері мен еріктілерден кезекшілік ұйымдастырылды.

Бауыржан ОҚАС

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521