Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

КӨЛІК ҚАТЫНАСЫ ЖОЛҒА ҚОЙЫЛДЫ

Соркөл елді мекені тұсынан еріген қар суы «Сағыз-Миялы» тас жолының үстінен ағып, жолды бүлдіргені баршаға аян.

Өйткені күрт еріген қардың мол суы тас жолдың бойына салынған су өткізгіш құбырдан өтіп үлгермей сарқырай аққан су құбырдың айналасын мүжіп, көліктердің өтуіне қауіп тудырды. Сондықтан бұл бағытта көлік қатынасы уақытша тоқтатылып, аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен тас жол жырылып, қауіпті жерге бес «Камаз» топырақ, 25 тонна қиыршық тас (щебень) төгіліп, тегістелді. Қазіргі таңда қауіп сейіліп, көлік қатынасы жолға қойылды.

Бауыржан ЕРЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521