Мамандар кеңес берді

Ауданымызда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Бизнес Бастау» жобасы жүзеге асып жатқаны белгілі. Соған сай, жақында аталмыш жоба бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқып жатқандарға кеңес беру мақсатында аудандағы бөлім, мекемелерден арнайы өкілдер келіп, семинар өткізді.

Онда алдымен сөз алған аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры Алтынзер Баймұратова жобаға қатысушыларға келген қонақтарды таныстырып, жиынның мақсатын түсіндірді. Содан кейін сөз алған аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Зинеш Сарбуфиева:

– Қазір елімізде кәсіпкер болғысы келетін адамға барлық жағдай жасалған. Сіздер оқып жатқан «Бизнес Бастау» жобасының өзі соның жарқын дәлелі. Бұл жобадан бөлек түрлі бағдарламалар бойынша несиелер мен гранттар беріліп жатыр. Енді осы мүмкіндіктерді пайдаланып, әртүрлі бағытта кәсіп ашуға ұмтылу керек.– деді.

Ал, аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Ержан Нұралин болса кәсіпкерлік нысан салу үшін жерлер аукцион арқылы берілетінін жеткізіп, жоба қатысушыларының қойған басқа да сауалдарына жауап берді. Бұдан кейін, аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Ержан Әбуов «Жас Проджект» жобасы жайлы айтып, 14 пен 29 жас аралығындағы жастарды осы жобаға қатысуға шақырды. Жиын соңында бизнес тренер Амандық Әбуов ауданда кәсіпкерліктен бөлек әлеуметтік жобаларды да жүзеге асыруға болатынын тілге тиек етіп, өзінің жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Дулат БЕРІКҰЛЫ

Редактор-Журналист

Күнтізбе

октября 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031