Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Шаршы тақтадағы тартыс

Өткен аптада аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен шахматтан ардагерлер арасында аудандық біріншілік болып өтті.

Бұл жарысқа Миялы, Сағыз, Көздіғара, Жангелдин, Ойыл, Тайсойған ауылдық округтерінен шаршы тақта шеберлері қатысып, өзара додаға түсті. Тартысты өткен жарыста Көздіғара ауылдық округінен қатысқан Амангелді Сақтағанов бірінші орынды жеңіп алса, одан финалда ұтылған жангелдиндік Еңсеген Әби екінші, сағыздық Досан Қимаданов үшінші орынға ие болды. Жарыс жүлдегерлерін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Карин марапаттады. Осы жарыста жүлдегер атанған шахматшылар алдағы уақытта облыстық жарыста аудан намысын қорғайтын болады.

Дулат МӘТЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521