Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«Жас Отанда» жаңа хатшы

Жақында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында аудандық «Жас Отан» жастар қанатының кезекті конференциясы өтті.

Конференцияны ашқан «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Альберт Аққайнанов:

– Бүгінгі күн тәртібінде бір ғана мәселе қаралады. Ол аудандық «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысын сайлау. Бұған дейін атқарушы хатшы қызметін атқарған Нұрбол Бижанов басқа қызметке ауысуына байланысты орнына Қуанышбек Кәрімнің кандидатурасын ұсынамын. Қуанышбек ауданымыздағы белсенді жастардың бірі. Өзінің тапсырылған міндеттерді мүлтіксіз орындап, «Жас Отан» жастар қанатының жұмысын одан әрі жандандырады деп сенемін, – деді.

Конференция делегаттары атқарушы хатшылыққа ұсынылған кандидатты бірауыздан қолдап, дауыс берді. Жиын соңында «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы болып сайланған Қуанышбек Кәрім өзіне артылған сенімді ақтайтынын, алдағы уақытта аудан жастарымен бірлесіп жүйелі жұмыстары жасайтынын жеткізді.

Дулат БЕРІК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521