Архивтік анықтама қалай беріледі?

Күнбе-күн Атырау облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Қызылқоға ауданы мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі архивтік анықтама беріп жатады.

Осы жөнінде, биылғы жылға арналған мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы ақпараттандырылу деңгейін арттыру жөнінде медиа-жоспарды орындап, халыққа сұрақ-жауап түрінде мәлімет беруді жөн санады.

– Архивтік анықтама беру мемлекеттік қызметі қалай жүзеге асырылады?

- Аудандық мемлекеттік архив мекемесінде күнде архивтік анықтама беріп жатады. Бұл біздің қызметтің басым бағыты болып табылады және біздің тарапымыздан атқарылып жатқан мемлекеттік қызметтің бір түрі. Өтініш берушінің өтініштерін (сауал, арыздарын) орындау өтеусіз негізде жүргізіледі. Аудандық мемлекеттік архив мекемесінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік коорпорациясы» КЕ АҚ Атырау облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Қызылқоға аудандық бөлімінен «Е-gov» порталы арқылы және тікелей архивке түскен өтініштер 9 жұмыс күні ішінде орындалып, жауап беріліп отыр.

– Қазір қандай құжаттар сұранысқа ие?

– Көбіне азаматтар еңбек өтілі мен еңбекақысының мөлшерін, жасын, білімі мен біліктігін, мемлекеттік және зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды, отбасы құрамы, азаматтық хал-жағдайы актілері, мүліктік құқықтарды растауға, аудан, қала, облыс атауларын өзгертуге байланысты сұрау салып жатады. Бізден алынған анықтамалардың азаматтар үшін қажетке жарап жататынын айта кету керек. Сол себепті де, архив қызметкерлерінің алдында үлкен жауапкершілік тұр.

– Екінші тұлға архивтік анықтаманы қалай ала алады?

– Ол үшін өтініш беретін тұлға өзінің өкілеттілігін және жеке басын растайтын куәлік, оның нотариалды бекітілген сенімхат нұсқасы мен өзге де құжаттарды қосымша ұсынады. Содан кейін, құжаттары дұрыс болған соң, архивтік анықтама беру жұмысы жүргізіледі.

– Қазіргі таңда тұрғындардың электрондық қызметке жүгіну деңгейі қаншалықты артты?

– Үстіміздегі жылдың бірінші жарты жылдығында аудандық мемлекеттік архивте барлығы 171 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілді. Оның 132 «Халыққа қызмет көрсету орталығы» арқылы жүзеге асырылды. Шет елден келіп түскен сұраныстар саны 13, ал портал арқылы 14 қызмет көрсетілді. Сондай-ақ, өткен жылы барлығы 237 сұраныс орындалып, оның 187 «Халыққа қызмет көрсету орталығы», 20 портал, шет елден келіп түскен сұраныстар саны 30. Өздеріңіз көріп отырғандай, бұл жұмыс өз нәтижесін беріп келеді. Жыл сайын жоспар 100 пайызға орындалады.

– Кейбір азаматтар түрлі дәлелдер келтіріп, анықтаманы тездетіп алғысы келеді. Осының белгілі бір тәртібі бар ма?

– Архив құжаттарының архивтік анықтамалары, архивтік үзінділері және архивтік көшірмелері өтініштің (сауалдың, арыздың) мемлекеттік архивке тіркелген күннен бастап тоғыз жұмыс күн ішінде ұсынылады. Осы белгіленген тәртіп арқылы жұмыс қалыпты жүріп отырады.

– Қызметкерлердің біліктілігі қалай жетілдірілуде?

– Біздің қызметкерлер өз білімдерін үнемі жетілдіруде. Атырау қаласында өтетін «Қазақстан Республикасы Президент архивінің» семинарына, қосымша біліктілігін арттыру семинарларына жіберіліп отырады. Портал негізінде барлық тиауарлар жаңарып отырады. Аудандық мемлекеттік архивте «Архивтік анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандартын көрсету көрнекі жерге қойылған. Жалпы алғанда, қалалық архив қызметі ашық, жариялы, қолжетімді түрде жұмыс істеп келеді. Баспа және электронды баспасөз құралдарымен тығыз байланыста.

Клара САПАР,

«Қызылқоға ауданы мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы.

Редактор-Журналист

Күнтізбе

октября 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031