Бүлінген тағам аурудың көзі

Қызылқоға аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мамандарымен аудандағы бөбекжай балалар бақшасының тәрбиеленушілері арасында жіті ішек инфекциясын алдын алу мақсатында «Таза қолдар» акциясы өткізілуде.

Акция барысында, тәрбиеленушілерге қол жуу дағдыларын, жуыну кезіндегі ретті сақтау және күнделікті қол жуу қағидасы үйретіліп, жеке бас гигиенасын сақтаудың қажеттілігі кеңінен түсіндірілді.

Негізінде, бұрыннан ішек инфекциясын кір қолдың ауруы деп атаған. Осы аурумен қолын таза ұстамайтын адамдар жиі ауырады. Расында да, күні бойы біз тұрмыста әртүрлі заттарды ұстаймыз, танысымызды кездестіргенде қол беріп амандасамыз. Осыдан жұмыстан немесе даладан үйге келгенде, тамақ дайындар және ішер алдында, сонымен қатар, балалармен ойнамай тұрып қолды сабынмен жуу қажет деген қарапайым ереже туындайды. Осындай қарапайым әдіспен әркім де өзін және отбасы мүшелерін, әсіресе кішкентай балаларын ауру жұқтырудан қорғай алады. Әсіресе, жас аналар балаларға арналған тамақ қоспасын құятын көп қолданылатын бөтелкені ыстық сумен жуып пайдалану қажет. Кездескен су көздерінен су ішу, лас суға және осы мақсатқа пайдаланбаған су айдынында шомылу, денсаулыққа қауіпті екенін білу керек. Ауру жұқтырмау үшін судың сапасына күмән келтірсеңіз қайнатып немесе бөтелкеде тазаланған суды ғана пайдалануды әдетке айналдырған жөн.

Жіті ішек аурулары - бұл бактериялармен, вирустармен шақырылатын, балалар мен ересектерде ішек жұмысының бұзылуымен (диарея) ілесетін аурулар. Көрсетілген патогенді микроорганизмдер адамға ауыз арқылы, кір қолмен, ластанған суды ішу және сапасыз азық-түлік қолданған кезде асқазан-ішек қарын жолына түсуі арқылы инфекциялық патологиясын тудыруы мүмкін. Тамақтан және ішек инфекциясынан уланудың алдын алу үшін ең бастысы - сапалы азық-түлікті қолдану керек. Өйткені, көптеген өнімдерде бактериялар ауру тудыратын болып саналады. Әсіресі, қолданар алдында термиялық өңдеуден өтпеген өнімдерді алмаған жөн. Оларға салат, көкөніс, жеміс-жидектер, торт, сүт және басқа да өнімдер жатады. Әрбір сатып алушы сатып алар алдында «кәріс салаты», кремді-кондитерлік және аспаздық бұйымдардың өндірушісі, дайындалған және жарамдылық мерзімі көрсетілуімен қатар мұздатқыш сөрелерінде сақталу керектігін білуі тиіс. Салаттар сақталу мерзімінен аспауы қажет. Сүт өнімдерінің сыртқы қорабы үріліп тұрса, оны сатып алмаңыз. Өйткені, ол сақталу температурасының бұзылғаны туралы куәландырады. Ал, шұжық өнімдері бойынша біршама қиындау. Көптеген шұжық өнімдерінің сыртында таңба салынған, ал биркасында шығарылған күні көрсетілмеген, бірақ сақталу мерзімі бар. Осындай өнімді алмаған дұрыс. Сондай-ақ, тамаққа жуылмаған және бүлінген көкөністер мен жеміс-жидектерді пайдаланбауға шақырамыз. Себебі бұндай өнімдер жиі жіті ішек инфекциясын тудырады. Ал қауын-қарбызды тамыз-қыркүйек айларында алған дұрыс. Осылайша, өзіңізді нитраттардан уланудан сақтайсыз. Оңай әрі тиімді алдын алу шарасын сақтаңыз, бұл Сізді жұқпалы аурулардан, соның ішінде ішек инфекциясы мен тамақтан уланудан сақтайды.

Ақтолқын БИЖАНОВА,

аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы.

Редактор-Журналист

Күнтізбе

октября 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031