«Отбасы – бақыт мекені»

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Отбасы күнін мерекелеу шеңберіндегі 6-14 қыркүйек аралығында «Отбасы – бақыт мекені» республикалық мерекелік апталығы өткізілуде.

Ондағы мақсат – қоғамдағы отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасы мен балалар мүддесін мемлекеттік саясат тұрғысынан іске асыру бойынша мемлекеттік құрылымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес-құрылымдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын біріктіру болып табылады. Бүкіл еліміз бойынша аталып өтіп жатқан Отбасы күніне орай, отбасының қоғам алдындағы маңыздылығы мен рөлі туралы ғылыми-тәжірибелік конференциялар, кездесулер, қоғамдық ұйымдар, жастар ісі, халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт органдары өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстелдер, ата-аналарға бала тәрбиесіндегі жауапкершілік туралы құқықтық жаппай оқыту, кеңестер, кездесулер, тренингтер өткізу, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қайырымдылық акциялар, ата-аналар мен балалардың қатысуымен флеш-моб, балалар дебат турнирлерін, пікірсайыс алаңдарын, «Отан отбасынан басталады», «Отбасым менің қуатым», «Ата-анам және мен» аутрич-науқандарын, «Менің отбасым» суреттер байқауы, «Мен отбасымды мақтан тұтамын», «Ата-ананы құрметтеу – әрбір адамның қасиетті борышы» және тағы да басқа тақырыптарда фотоконкурс, Заңгер, ЮП инспекторлары, психологтар, үкіметтік емес ұйымдары өкілдерінің қатысуымен есепте тұрған қолайсыз отбасылар мен балалар үшін кездесулер, үлгілі отбасыларды насихаттау, баланың жеке тұлға болып қалыптасуы үшін отбасының атқаратын рөлі туралы семинар, конференциялар, Отбасылық мерекелер, әдеби-поэтикалық кештер, шоу-бағдарламалар және би кештері, спорттық отбасылық эстафеталар, сонымен қатар, әртүрлі отбасылық шығармашылық фестивальдер ұйымдастырылады. Әрине, осындай көлемді әрі айшықты апталыққа барлық ата-аналарды бірлесе ұйымдастыруға шақырамыз!

Бақтыгүл НҰҒМАНОВА,

аудандық білім бөлімінің бас маманы.

Редактор-Журналист

Күнтізбе

октября 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031