banerkzbig

Дәрігер емдеп емес, қағаз жазып шаршайды

Өткен аптаның жұмасы күні «Нұр Отан» партиясы Қызылқоға аудандық филиалының кезектен тыс ХХІV конференциясы өтіп, оған аудан әкімінің орынбасары Марат Әбуов және партия мүшелері қатысты.

Конференцияны аудандық партия филиалының бірінші орынбасары Альберт Аққайнанов жүргізіп, күн тәртібіндегі мәселемен таныстырды. Жиында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауынан туындайтын міндеттер және «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалының кезектен тыс ХХVІ конференциясына делегат сайлау туралы мәселе қаралды.

 Онда алдымен Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауынан туындайтын міндеттер бойынша баяндама жасаған партияның бірінші орынбасары Альберт Аққайнанов:

– Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында дамыған 30 елдің қатарына кіру жолындағы 10 нақты міндетті айқындап берді. Қазақстан бұл мақсатты бағытты уақыт ырғағындағы дайындықпен алға жылжытып келеді. Президент өз сөзінде: «Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді», – деді. Сондықтан, өнеркәсіп болсын, мемлекеттік басқару болсын, кез келген өзге салалардың дамуы жаңа көзқарасты талап етеді және алға қойылған міндеттің барлығы цифрландыру үдерісіне тәуелді болмақ, – деді.

Одан кейін Б.Аманшин атындағы орта мектеп директоры Гүлшара Сары, аудандық орталық аурухананың жалпы тәжірибе бөлімінің меңгерушісі Жұмақайыр Бертілеуов өз ойларын ортаға салып, «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық партия филиалының кезектен тыс ХХVІ конференциясына делегаттар ұсынылып, бірауыздан мақұлданды.

 

Жұмақайыр БЕРТІЛЕУОВ,

аудандық орталық аурухана жалпы тәжірибе бөлімінің меңгерушісі:

Елбасының «Төртінші  өнеркәсіптік  революция жағдайындағы  дамудың  жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан  халқына  арнаған Жолдауында  үздік  денсаулық сақтау ісі  және  дені сау ұлт туралы айтылды. Бүгінгі  таңда   халықтың  өмір  сүру  ұзақтығын ұлғайту – мемлекет үшін  маңызды мәселе. Ол  үшін   медициналық  технологиялардың дамуы және медициналық қызмет көрсетуге деген  сұраныс  көлемі  арта   түсуі қажет.

Бұл жайында  Елбасы  «Қазіргі денсаулық  сақтау ісі қымбатқа  түсетін  стационарлық емге емес, негізінен аурудың алдын алуға бағытталуы тиіс. Саламатты өмір салтын  насихаттай  отырып, қоғамдық  денсаулықты басқару ісін  күшейту керек»  деп нақты атап көрсетті.

 

Гүлшара САРЫ,

Б.Аманшин атындағы орта мектеп директоры:

Елбасының Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын ұстаздар қауымы ерекше қолдап отыр. Ұжым мүшелерімен Жолдаудағы негізгі мәселелерді талқылап, білім саласына қатысты тапсырмалар бойынша стенд жасақталды. 

2017 жылдан бастап білім саласында жаңа реформа енгізіле бастады. 1-сынып оқушыларын жаңа білім беру бағдарламасы бойынша оқыта бастадық. 2017-2018 оқу жылынан бастап 1,2,5,7-сыныптар осы жаңа білім беру бағдарламасына көшті. Мектептердің материалдық базасын жақсартуға көп көңіл бөлінуде. Біздің Б.Аманшин атындағы орта мектебіне толық жабдықталған математика, физика, химия, бастауыш, география, технология, тарих кабинеттері алынды. Сонымен қатар, кең желілік интернет желісі қондырылды. Мұның бәрі білім саласына деген үлкен қамқорлықты көрсетеді.

 

Гүлмира МАҚСОТҚЫЗЫ.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Күнтізбе

Редакция

 
Сисенов Бауыржан

Сисенов Бауыржан Аманұлы
- "Қызылқоға" газетінің бас редакторы

Бердіғалиев Бауыржан

Бердіғалиев Бауыржан Оқасұлы- Бірінші санатты тілші


Губайдуллин Дулат

Губайдуллин Дулат Берікұлы
- Екінші дәрежелі тілші


Тілегенова Гулмира

Тілегенова Гулмира Мақсотқызы
- Екінші дәрежелі тілші


kosybaeva-ajymgul

Қосыбаева Айымгүл Жалғасқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig