banerkzbig

Бірігіп жасаған істің берекесі мол

Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Арман Баженовтың төрағалығымен Елбасы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған актив жиыны өтті.

Аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық бастауыш ардагерлер ұйымдарының төрағалары, ауылдық округ әкімдері, бөлім, мекеме басшылары мен қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым өкілдері, білім беру ұйымдарының басшылары қатысқан жиында аудан әкімі Арман Баженов кең көлемде баяндама жасады.

Оның баяндауынша, бірінші міндетті атқаруда барлық салаға жоғары еңбек өнімділігі бар қайта өңдеу секторын дамыту қажет. Бұл орайда, аудан бойынша ауыл шаруашылығы кооперативтері, шағын және орта бизнес субъектілері көптеп құрылуда. 

Ал, екінші міндетті іске асыру бағытында Елбасы болашақта жаһандық және ел экономикасын дамыту барысында энергия тиімділігі мен энергияны үнемдеуге, сондай-ақ, энергия өндірушілердің     өз жұмыстарының экологиялық тазалығы мен тиімділігіне қойылатын талаптарды арттыру тапсырылды.  Осы тұрғыдан алғанда, тұрмыстық қатты қалдықтарды заман талабына сай утилизациялап, қайта өңдеу аудан бойынша өзекті мәселелердің бірі.

Жергілікті жердің табиғи ерекшеліктеріне сай егін көлемін ұлғайту, оның ішінде тамшылатып суару әдістерін кеңінен қолдану агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамытуға мүмкіндік береді. Егін егу мен жинаудың оңтайлы уақытын болжамдаудың, «ақылды суарудың», минералды тыңайтқыш себудің және арамшөппен күресудің интеллектуалды жүйелері арқылы өнімділікті бірнеше есе арттыру қажет. Демек, өнімнің сапасын, экологиялық тазалығын сақтап, «Қазақстанда жасалған» табиғи азық-түлік брендін қалыптастыруға ауданымыз да септігін тигізуі шарт.

Жолдаудағы төртінші міндет – көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру бағытына сай, аудан аумағынан өтетін «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» бағытындағы    тас жол енгізіліп, биылғы жылы құрылысы басталады.

Елбасы бесінші міндетті орындау барысында құрылыс салудың жаңа әдістерін, заманауи материалдарды, сондай-ақ ғимараттардың жобасы мен қала құрылысының жоспарын жасағанда мүлде басқа тәсілдерді қолдану керектігін, ғимараттардың сапасына, экологиялық тазалығына және энергиялық тиімділігіне  жоғары талап қою қажеттігін ескертті. Бұл бағытта биылғы жылы  бюджеттік мекеме қызметкерлері үшін екі пәтерлі үш тұрғын үйдің құрылысы, тұрғын үй салу үшін Миялы ауылынан 184, Сағыз ауылынан 160, Мұқыр ауылынан 142 жер теліміне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жұмыстары жүргізіледі. 

Білім берудің жаңа сапасына өту үшін мүлдем жаңа бағдарламалар, оқулықтар мен стандарттарды енгізу және кадрлардың біліктілігін    арттыру жетінші міндетте айқын көрсетілген. Сонымен бірге, Елбасы «Қазақстандықтардың болашағы – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде», – деп көрсете отырып, латын әліпбиіне көшу арқылы қазақ тілін халықаралық деңгейге жақындатуды тапсырды. Жолдаудағы «Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын жүзеге асыру үшін білім алуға мүмкіндігі болмай қалған аудан тұрғындарын тегін кәсіптік білім алуға бағыттау керек. Халықтың өмір сүру ұзақтығының өсуіне және медициналық технологиялардың дамуына байланысты негізгі жұмыстар аурудың алдын алуға бағытталуға тиіс. Аудан бойынша қазіргі уақытта 11 дәрігер мамандар жетіспеуде. Сондықтан, медициналық маман кадрлармен қамтамасыз ету және оларды сапалы даярлау маңызды мәселе болып саналады.

Тиімді мемлекеттік басқару тақырыбындағы сегізінші міндетте «Бір терезе» қағидаты бойынша бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету үдерістерін цифрландыру жұмыстары жүретін болады. Бизнес-климатты жақсарту үшін бизнесті көлеңкеден шығарып, оны қолдауға бағытталған жүйелі шаралар ұйымдастырылады. Мемлекеттік органдарға бағынышты ұйымдардың саны қысқартылып, мүмкіндігінше біріктіру арқылы жекешелендіру жұмыстары жүргізіледі. Бұл жұмыстар әкімшілік шығындарды азайтып, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамытуға септігін тигізеді.

Жолдаудағы тоғызыншы міндет жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігіне бағытталған. Жемқорлықтың алдын алу бағытында ауданның кешенді жоспары дайындалды. Азаматтар мемлекеттік органдардағы процестерді, өз өтініштерінің қалай қаралып жатқандығын біліп, нақты жауап алулары тиіс. Бұл    орайда, аудан тұрғындарымен   тығыз байланыс орнату мақсатында «Телеграмма» электрондық бағдарламасы арқылы «Қызылқоға ауданының әкімдігі» бетшесі ашылды. Мұнда тұрғындардың сауалдарына тиісті лауазымды тұлғалар арқылы күнделікті жауаптары берілуде. 

 

Заманауи технологиялар жылдам өсіп келе жатқан мегаполистің проблемаларын тиімді шешуге жол ашады. Сондықтан, оныншы міндетте Астананың тәжірибесі негізінде «Смарт Сити» «эталонды» стандартын қалыптастырып, Қазақстан қалалары арасында озық практиканы тарату және тәжірибе алмасу көзделген. «Ақылды қалалар» өңірлік дамудың, инновацияны таратудың және еліміздің барлық аумағында тұрмыс сапасын арттырудың локомотивтеріне айналуы тиіс.

– Жолдауда көрсетілген барлық міндеттің маңыздылығы өте жоғары. Бұл құжат ел тұрғындарының өмірін бақытты да баянды етуге арналған. Ендеше, Сіздерді Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыз үшін Жолдаудан туындайтын міндеттерді орындауда аянбай қызмет етіп, қолдау білдіруге шақырамын, – деді аудан әкімі Арман Баженов.

Баяндама барысында аудан басшысы Жолдауда көрсетілген міндеттер бойынша жұмыстар ұйымдастыруды аудан әкімінің орынбасарларына, ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлім басшыларына тапсырды.

Баяндамадан соң сөз алған ауыл шаруашылығы саласының ардагері Жасан Есқайыров, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Альберт Аққайнанов, Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектептің директоры Мырзабай Борашев Жолдауда айтылған күрделі тапсырмаларды ауызбіршілікпен және жауапкершілікпен атқару керектігін тілге тиек етті.

Бауыржан БЕРДІҒАЛИЕВ.

Суреттерді түсірген автор.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Күнтізбе

Редакция

 
Сисенов Бауыржан

Сисенов Бауыржан Аманұлы
- "Қызылқоға" газетінің бас редакторы

Бердіғалиев Бауыржан

Бердіғалиев Бауыржан Оқасұлы- Бірінші санатты тілші


Губайдуллин Дулат

Губайдуллин Дулат Берікұлы
- Екінші дәрежелі тілші


Тілегенова Гулмира

Тілегенова Гулмира Мақсотқызы
- Екінші дәрежелі тілші


kosybaeva-ajymgul

Қосыбаева Айымгүл Жалғасқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig