Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Тайсойғанға жолды Қарабаудан тартқан тиімді

Аудандық «Қызылқоға» газетінің әр жарыққа шыққан санын асыға күтіп отырамыз. Бір ғана тақырып емес, әртүрлі айдарлармен көптеген тақырыптар қамтылуда. Мен өзім 1963 жылдан бері аудандық газеттің тұрақты оқырманымын. Оның ішінде, биылғы жылы көрініс берген «Оқырман және біз» айдарымен шығатын оқырмандар беті өте ұнамды. Соған сай, көкейімде жүр-ген өз пікірімді жолдауды дұ-рыс санадым. Айталық, Тай-сойған ауылы ойға оралса, жол мәселесі де бірге оралады. Аудан әкімімен өткен жиналыстардың бірінде бұл мәселе көтеріліп те жүр.

Соңғы жиналыста Тайсойған ауылына салынатын жолдың Көздіғара ауылдық округінен тартыла-тындығы айтылған. Бірақ, бұл біз үшін тиімсіз. Бізге Қарабау ауылынан тартылғаны дұрыс еді. Өйткені, Қарабау ауылдық округі арқылы біз Атырау облысына қатынаймыз. Аудан әкімінің айтуынша, Көздіғара ауылдық округінен 41 шақырым болса, Миялы және Қарабау ауылдарынан 50 шақырым қашықтықта болады. Бұл тұста, Көздіғара ауылдық округінен жол тартылар болса, қаражатқа тиімді болғанымен, Ойыл өзенінен көпір салыну тағы да шығын. Сондықтан, Тайсойған ауылы тұрғындарына Қарабау ауылы арқылы тартылған жолдың тигізер пайдасы зор.

Сонымен қатар, аудандық газет бетінде жер-су атаулары жа-риялануда. Бұл өте құптарлық бастама. Өйткені, кейінгі ұрпақ өзінің туған жерінің атауын білуі тиіс. Бірақ, көп жағдайда жер-су атаулары кейінгі отырған малшылардың аттарымен аталып жатыр. Сондықтан, мақаланы жазып отырған авторлардың жер-су атауларын берместен бұрын, жер-лердің ескі атауларын ұсынып, кейінгі осылай аталғандығын басшылыққа алғандары дұрыс. Мәселен, Тайсойған ауылдық округіндегі Қарақожа деген атау, халқына елеулі болған кісі. Ол кісі Жарыпшыққаннан бөлек, Тайсойған құмының ішінен оңтүсікке қарай қолдың күшін біріктіріп канал қаздырған. Оны Жаманаша деп атады. Осы тәрізді ескі атауларымен бергенде ғана ұрпаққа тиімді әрі ұғынықты болатыны сөзсіз.

Ал, білім бағытында айтарым қазіргі заман талабына сай, оқушылар білім жүйесінде үштілділікті бастауыштан бастап үйренеді. Иә, бүгінгі заманның балалары техниканы айпай-ақ игеруге бейім екені сөзсіз. Десек те, осы үштілділікті бастауыштан кейін бастаса дұрыс болар еді. Өйткені, ұрпағымыздың өз ұлттық тілімізді меңгермей жатып, үштілділікті игеруі ұлт үшін қиындық тудырады.

Қазіргі таңда, кез келген адамның ең басты қажеттілігі баспана мен тамақ екендігі сөзсіз. Мен мал шаруашылығымен айналы-сып жүргендіктен, ауылдағы жұмысы жоқ азаматтардың осы саладан неге бас тартатынын түсінбеймін. Адам өзінің қажеттілігін қамтамасыз ету үшін еңбек ету қажет. Жасағысы келетін жұмысы ыңғайласқанша, уақытын босқа өткізбей ата кәсіпке бет бұру керек. Әсіресе, бізде қой қырқу, қи ою сынды маусымдық кезеңдерде қол күші жете бермейді. Сондай-ақ, бұрынғы Энгельс совхозының алыс қыстақтарында тоқ көзі жоқ. Бұ-ған басшылық тарапынан көмек болса, қуанарлық іс деп білер едік.

Бізге осындай халықтың мұң-мұқтажын басылым бетінде көрсетуге мүмкіндікті туғызып отырған аудандық газет ұжымына алғысымызды білдіреміз.

Қосымбай ӨТЕБАЕВ, Тайсойған ауылдық округінің тұрғыны.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521