Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Мұқырда жарыс өтті дүбірлеген

Өткен аптада Мұқыр ауылында кіші аяқдоптан жергілікті жастардың ұйымдастыруымен өмірден ерте өткен Еркебұлан Қартабайұлы мен Әзидолла Ғалымжанұлын еске алуға арналған облыстық турнир өтті.

Оған Жылыой, Мақат, Махамбет аудандарымен қатар, Миялы, Сағыз, Мұқыр ауылынан барлығы 12 команда қатысты. Қатысушы командалар төрт топқа бөлініп, тартысты ойынды бастап кетті. Осы орайда, бұл жарыста қонақтардың айдарынан жел ескенін айта кетейік. Өз топтарынан іркілмей шыққан Мақат ауданының Доссор құрамасы мен «Бақтияр» командасы ақтық сында өзара кім мықтыны анықтады. Талай дүбірлі жарыстарда үнемі кездесіп жүретін сыралғы қарсыластардың ойыны көпшіліктің көңілінен шықты.

futbol2

Тартысты өткен финалдық ойында 2:1 есебімен доссорлықтар жеңіп, жарыс жеңімпазы атанса, «Бақтияр» командасы күміс жүлдегер атанды. Ал, үшінші орын үшін болған ойын финалдан да қызықты өтті. Жарыстың қола жүлдесі үшін тартыс құлсарылық «Өмірзақ» командасы мен «Махамбет-сити» арасында өтті. Қарсыластар негізгі уақытта 3:3 есебімен тең ойнады. Өзара кім мықтыны ойын соңындағы пенальти сериясы анықтап берді. Футбол «лотериясында» «Өмірзақ» командасының жолы болып, жүлделі үшінші орынға ие болды. Аталмыш жарыста чемпион атанған команда 200 мың теңге сыйақымен марапатталса, екінші орын алған командаға 150 мың, үшінші орын алғандарға 100 мың теңгенің сертификаты табысталды. Сондай-ақ, бұл турнирде Ерлан Беріков (Доссор) «Үздік қақпашы», Қуанышбек Оразбеков (Бақтияр) «Үздік қорғаушы», Төре Рақымғалиев (Өмірзақ) «Үздік шабуылшы», Талғат Әбдешов (Махамбет-Сити) «Үздік ойыншы» атақтарымен марапатталды.

Дулат БЕРІКҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521