060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Қыз-келіншектер шеберлігін арттырды

Соңғы кезде ауданымызда гендерлік саясатты жүзеге асыру мақсатында бірқатар жүйелі жұмыстар жасалып келеді.

mas

maste

Солардың бірі – өткен аптаның жұмасы күні «Арман» мәдениет үйінде өткен «Ұлттық құндылықтарды жаңғырту және заманауи кәсіптерді игерту» атты шеберлік сағаты. Аудандық ішкі саясат бөлімі мен «Қызылқоға» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен әлеуметтік тапсырыс шеңберінде өткен шеберлік сағатына ауданның барлық ауылдық округінен жүзге жуық қыз-келіншек қатысып, олар тоқыма тоқу, құрақ көрпе тігу, киім пішу, шаш, бет, қол күтімі бойынша шеберлерден тәлім алды. Шараның ашылу салтанатында сөз алған аудандық мәслихат хатшысы, аудандық саясаткер әйелдер клубының жетекшісі Толқын Бейсқали: – Дана халқымыз «Әйел бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді» дейді. Бұл әйел адамның қолынан бәрі келеді деген сөз. Расымен де нәзік те болса нардың жүгін көтере білетін әйел заты қоғам мен елдің дамуына да өлшеусіз үлес қосып келеді. Елбасы Н. Назарбаев та елімізде гендерлік саясаттың дамуына кең көлемде жағдай жасалды. Әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру мақсатында жыл сайын түрлі басқосулар мен форумдар, семинар-тренингтер өткізіліп келеді. Соның бір жарқын көрінісі бүгінгі шара. Бұл шеберлік сабағы үйде отырған қыз-келіншектерге ұлттық құндылықтарды жаңғыртумен қатар заманауи кәсіптерді игеретін болады. Бұл сөз жоқ керемет мүмкіндік. Ендеше баршаңызға сәттілік тілеймін,-деді.

mast

Ашылу салтанатынан соң бет және қол күтімі бойынша қатысушылар жастар рерустық орталығының ғимаратына сабақ беруші шебермен бірге барса, тігін және шаш күтімі бойынша сабақ беруші шеберлер «Арман» мәдениет үйінде өткізді. Бір күндік шарада қыз-келіншектер өздеріне қажетті кәсіптің қыр-сырына қанықты. Түс мезгілінде қатысушыларға «Керуен» сауда үйінен түскі ас берілсе, ал, кешкілік «Арман» мәдениет үйінде сертификат табысталды. Шараның көңілден шыққанын айтқан қыз-келіншектер осындай шеберлік сабақтары алдағы уақытта да өткізілсе деген тілектерін айтып тарқасты.

Дулат БЕРІКҰЛЫ

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?