«ЛАДА ГРАНТА» ӨЗ ИЕСІН ТАПТЫ

Сейсенбі күні Миялыдағы «Керуен» сауда орталығында жас кәсіпкер Сағидолла Тасболат «Қызылқоға мега конкурс» жобасының ұтыстарын ойнатты.

Бас жүлдеге – Лада гранта автокөлігі тігілді. Аудан көлемінде халыққа лотерея билеттерін сату арқылы мұндай конкурс ұйымдастыру алғаш рет өтіп отыр. Аталмыш конкурсқа тұрғындар алдымен «Керуен» сауда орталығынан жаңбырға қарсы көлік айнасына жабыстырма қағазды 2000 теңгеге сатып алу арқылы қатысты. Нәтижесінде миялылық Айша Қабдолова байқаудың бас жүлдесі – «Лада гранта» автокөлігін жеңіп алды. Сонымен бірге лотерея билеттерін сатып алған қатысушылар тұрмыстық заттар мен 5000 теңгеден 20000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықтарға ие болды.

Айымгул Жалғасқызы

Күнтізбе

октября 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031