060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Мейрамханадағы тағамдар сапалы ма?

Қазір той, құдалық, мерейтойларды зәулім мейрамханаларда өткізу сәнге айналған.

Алайда, тұтынушылардың көбі той өткізетін мейрамхана таңдарда оның сыртқы түрі мен ішкі сән-салтанатына ғана қарайды да, асханасына мән бермей жатады. Бұл – үлкен қателік. Себебі, тойға шақырған 200-300 адамның қауіпсіздігі яғни уланып қалмауы, тағамдардың бұзылмауы, осы асханаға тікелей байланысты. Сондықтан, тойхана таңдағанда алдымен оның асханасымен жақсылап танысып алған жөн. Соның ішінде асханадағы аспаздардың біліктілігі, даяшылар мен ыдыс жуатын қызметкерлердің жеткіліктілігі, тағамдар мен азық-түлікті сақтауға арналған тоңазытқыштың дұрыс жұмыс жасауы, ішкі тазалығы сияқты маңызды мәселелерге назар аударған абзал. Бұл ең алдымен той қонақтарының жаппай улануының алдын алады. Қысқаша айтқанда асхана тазалығына мән беру той қонақтарының қауіпсіздігі деп білген жөн.

Сонымен қатар, қазір мейрамхана әкімшілігінің рұқсат етуімен той иелері тағамды үйден дайындап алып келеді. Алайда, бұл той иелеріне тиімді болғанымен санитарлық жағынан қауіпті. Себебі, үйде дайындалған асты кім және қандай жағдайда әзірленгені белгісіз. Сондай-ақ, үй жағдайында сіз өте көп адамға арналған тағамды тиісті деңгейде сақтай алмайтыныңыз тағы бар. Ал, бұл өз кезегінде топтық улануға әкеліп соқтыруы мүмкін. Статистикалық мәліметке қарағанда улану жағдайларының елу пайызында тағамды үйден әзірлеу себепші болған. Сондай-ақ, тұтынушылар ескерер тағы бір жайт – тойханада ас-дәм той басталуынан бір сағат бұрын дастарқанға қойылуы керек. Себебі, бұл қойылған астың бұзылып, иістеніп кетпеуіне кепіл болады.

Шолпан АСАУОВА,

аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекші маманы.

Редактор-Журналист

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?