Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Сәлімгерейдің алғашқы жетістігі

Сағыз дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне жаттықтырушы болып келгеніне көп уақыт бола қоймаған Сәлімгерей Нұрболғановтың бапкерлік жолдағы аяқ алысы көңіл қуантарлық.

Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы Марат Әбдуалиевтен тәлім алып, балуан ретінде облыс, республикалық жарыстарда жеңімпаз-жүлдегер атанған ол жаттықтырушылық қызметте де алғашқы жетістіктерін көрсете бастады. Мәселен, қа-раша айының басында өткен Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы Мәлік Сүлейменовтің құрметіне арналған қазақ күресінен жасөспірімдер арасындағы аймақтық турнирде әріптесі Амандық Мейрамов екеуінің шәкірттері Бекарыс Жананбай бірінші орынға ие болса, Сембай Қуаныш екінші орынды, Дархан Теңелбай мен Бауыржан Мағзом үшінші орынды иеленді. Сондай-ақ, Атырау қаласында өткен ашық біріншілікте де Сәлімгерейдің шәкірттері топ жарып, жеңімпаз-жүлдегерлердің қатарынан көрінді. Атап айтсақ, Мақсат Арнат пен Дамир Асылбекұлы бірінші орынды иемденсе, Нұржан Аманжол мен Жеңіс Ниязғали екінші орынға, Саят Жұмағали мен Сұңғат Самархан үшінші орынға қол жеткізді. Сол сияқты, жақында Атырау қаласында қазақ күресінен жасөспірімдер арасындағы облыстық сайыста Сәлімгерейдің шәкірттері Айжарық Сансызбай (38 келіде) мен Қолғанат Самарқан (46 келіде) жеңімпаз атанып, Көкшетау қаласында өтетін Қазақстан Республикасы чемпионатына жолдама алса, Қуаныш Сембай (38келіде) екінші орынға, Бекарыс Жананбай үшінші орынға ие болды. Сөйтіп, шәкірт тәрбиелеу жолында көңіл қуантарлық нәтиже көрсетіп келе жатқан Сәлімгерейге жан-жақты қолдау көрсетіп, сағыздықтар қолтығынан демесе Сағыз ауылынан әлемдік додаларда топ жаратын балуандар шығады деп есептейміз. Ендеше, шәкірттерің еселі еңбегіңді ақтай берсін Сәлімгерей деп тілек білдіреміз.

Сатыбалды САҒЫМПАЗОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521