060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Құлсарыдан Мұқырға жол салынады

Дүйсенбі күні жұмыс сапарымен ауданымызға келген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов жұмыс сапарымен ауданымызға келіп, Мұқыр ауылдық округінде сайлаушылармен кездесті. Сенат депутаты алдымен «Ақтөбе-Атырау» бағытындағы тас жолдың құрылысымен танысты.

img_8094

img_8026

Жолшылардың жұмысына көңілі толған сенатор Сәрсенбай Еңсегенов: – «Ақтөбе-Атырау» бағытындағы тас жолдың республикалық маңызы бар екені баршаға аян. Сондықтан бұл жобаны іске асыруға үлкен қаржы бөлінді. Ертеңгі күні бұл жолмен қатынас күшейіп, жол бойына көптеген сервистік қызмет көрсету орындары ашылады. Байқағанымыздай жұмыс өз ретімен жүріп жатыр. Сіздерге айтарым, арнайы мамандар болмаса жұмысшыларды жергілікті жерден алуға басымдық беріңіздер. Ал, бастысы жолдың сапалы әрі уақытылы салынуына сіздер міндеттісіздер, - деді.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?