banerkzbig

Құрылыста қарқын бар

Ата кәсібі - мал шаруашылығымен айналысатын ауданда да құрылыс саласының өзіндік орыны ерекше.

Аудан экономикасының дамуы заманауи үлгідегі әлеуметтік нысандардың бой көтеруімен, тұрғын үй, жол құрылыстары жаңаша сипат алады.

Атап айтатын болсақ, өткен жылы пайдалануға берілген Жангелдин ауылдық округ әкімінің әкімшілік ғимараты, Сағыз ауылында 424 орындық мектеп, 290 орындық бала-бақшаның құрылысы пайдалануға берілсе, Жасқайрат ауылынан екі пәтерлі бір тұрғын үйдің, Қарабау ауылынан екі пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылысы салынып, ағымдағы жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сонымен қатар, 2017 жылы құрылысы басталған Қарабау ауылындағы 100 орындық бала-бақшаның құрылыс жұмыстары толық аяқталып, құжаттары рәсімделуде. Қарабау ауылынан фельдшерлік акушерлік пунктінің құрылысы басталса, Мұқыр ауылынан 400 орындық мәдениет үйінің құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын аяқтау 2020 жылға жоспарланған. Аудан орталығы – Миялы селосынан, Сағыз және Мұқыр ауылдарына 486 жер теліміне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысы аяқталып, пайдалануға қабылданса, жалпы ұзындығы – 91,9 км инженерлік желінің құрылысы салынады. Өткен жылы құрылысы басталған Мұқыр ауылындағы 424 орындық мектеп биылғы жылдың қараша айында аяқталады деп күтілуде.

Сондай-ақ, Жантерек ауылынан 60 орындық бастауыш мектептің құрылысы да биылғы жылы жаңа оқу жылына тапсыру жоспарланып отыр. Қазіргі таңда мектептің құрал-жабдықтарын түгендеу және абаттандыру жұмыстары қолға алынған. Ал Сағыз ауылынан 50 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория құрылысы басталса, Миялы ауылындағы орталық аурухана аймағынан мүрдехана құрылысы салынып, пайдалануға қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Сағыз ауылының электр жүйелерінің құрылысын бастау жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2019-2020 жылдарға жоспарланған. Мұқыр ауылындағы 4,7 км, Сағыз ауылындағы 6,78 км автокөлік ауылішілік және кірме жолын қайта жаңғырту жұмыстары да биыл пайдалануға берілуі қажет.

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Күнтізбе

Редакция

 
Сисенов Бауыржан

Сисенов Бауыржан Аманұлы
- "Қызылқоға" газетінің бас редакторы

Бердіғалиев Бауыржан

Бердіғалиев Бауыржан Оқасұлы- Бірінші санатты тілші


Губайдуллин Дулат

Губайдуллин Дулат Берікұлы
- Екінші дәрежелі тілші


Тілегенова Гулмира

Тілегенова Гулмира Мақсотқызы
- Екінші дәрежелі тілші


kosybaeva-ajymgul

Қосыбаева Айымгүл Жалғасқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig