060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Халықтың саны да, сапасы да өсуде

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің ел халқына арнаған дәстүрлі Жолдауында алдағы уақытта әлеуметтік салаға басымдық берілетінін айтты.

Бұл әрине біз үшін қуаныш. Себебі, әлеуметтің әл-ауқаты артпай басқа салалар дамиды деген бекершілік. Жолдаудан білгеніміздей, бұдан былай қазақстандықтар жалақысының ең төменгі мөлшері 28 284 теңгеден 42 426 теңгеге дейін көтерілмек. Бұған Елбасының «Әрбір Қазақстан азаматы жеке мақсаттарын жүзеге асыра алумен өзін қаржылай қамтамасыз ету мүмкіндігіне ие болып, өмірін барынша жақсартуға құқылы», – деген сөзі дәлел. Бір қуанарлығы, Елбасы өз Жолдауында халық санының 18 миллионға жетіп, өмір сүру ұзақтығының 72,5 жасқа жеткенін атап өтті. Бұдан ел халқының саны да, сапасы да артқанын көруге болады.

Сонымен қатар, құқық қорғау, медицина, білім беру салаларында жұмыс жасайтын қызметкерлердің жалақысы өспек. Бұл дегеніміз аталмыш салаларда жұмыс сапасы артып, тиісінше қауіпсіздік, денсаулық, білім сынды басты салалар дамиды деген сөз. Елбасы аталған салаларды дамытпасақ он жылдан кейін кеш болатынын баса айтты. Енді осы айтылған тапсырмаларды орындау барысын жергілікті әкімдіктер тездетіп қолға алғаны абзал. Сондай-ақ, аталмыш Жолдауда президент халықты тұрғын үймен қамту, ауылшаруашылығы, мектепке дейінгі тәрбие, жоғары оқу орындарының білім сапасы сынды бірқатар өзекті тақырыптарды тілге тиек етті. Одан бөлек, 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауы да кейінгі жас буынға жасалған қамқорлық деп білемін. Қорыта айтқанда, бұл Жолдау ел дамуының барлық тетіктерін қамтыған, тарихи құжат болды.

Айбар АЛТЫБАЕВ,

аудандық мәслихат депутаты.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?