Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЖАҢА ЗАҢ ҰСТАЗ МӘРТЕБЕСІН АЙҚЫНДАМАҚ

Бүгін жылдағы әдетінше Елбасы Қазақстан халқына арналған Жолдауын ұсынды. Оны біз жылы қабылдадық десекте болады.

Өйткені, Жолдауда барлық сала қамтылған. Жасалып жатқан жұмыс та, кеткен кемшілік те, алдағы жоспар да бәрін саралай отырып тапсырмалар берді. Мен өзім ұзақ жыл білім беру саласында қызмет жасап, зейнеткерлікке шықтым. Бүгінгі Жолдауда Елбасы: «Алдағы жылы педагогтардың мәртебесі туралы заң қабылдау қажет. Ол мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелерде жұмыс істейтін қызметкерлерге стимул беруі қажет. Оларға түсетін жүктемені азайту керек. Жергілікті жерлерде мұғалімдерге кез келген жұмыс тапсырылады. Мұғалімдер сайлау өткізеді. Насихат жұмыстарын да ұстаздар жүргізеді. Бірнәрсе қажет болса, мұғалімдер жіберіледі. Сол үшін оларға ешкім ақша төлемейді. Бұл жұмыстардан оларды босату керек. Олар сабаққа дайындалу керек қой. Уақытында ғана жұмыс істеуі қажет. Тіпті оларды орынсыз тексере береді. Аталған заң осы үшін қажет», – деген болатын. Иә, расымен де қазіргі уақытта мұғалімдерге жүктелетін міндеттемелер өте көп. Осындай қосымша жұмыстарды атқарамын деп жүргенде мұғалімдер күнделікті өзінің сабағына, жаңа тақырыпқа ізденуге уақыт таппай қалады. Педагог – бұл тек қана оқытушы емес, келешек ұрпақты қалыптастырушы тұлға. Оның әлеуметтік статусын белгілі бір жоғары деңгейге көтеру өте маңызды. Сондықтан Мемлекет басшысы ұстаздардың статусына аса мән беріп, арнайы заң қабылдауды тапсырды. Мұның маңызы зор деп білемін.

Меруерт МҰХАМЕТҚАЛИ,

«Қазақстан Республикасы білім беру саласының үздігі» ардагер-ұстаз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521