060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

«Билер кеңесі» бұқарамен бірге

Жақында, «Ардагерлер» үйінде «Атырау облысы билер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің аудан бойынша құрылған жұмыс тобы тұңғыш рет қоғамдық қабылдау өткізді.

Ауданымызда биыл алғаш рет құрылған «Билер кеңесінің» мақсаты – отбасылық және басқа да дау-жанжалдарға төрелік айтып, дауласқан тараптарды сабырға шақырып, мәселесін шешу болып табылады.

Аудандық соттың ұйымдастыруымен өткен қабылдауға жұмыс тобының жетекшісі Құмар Хасан, мүшелері Жауқаш Тұрдағалиев, Орынғали Салықов, Жаубасар Мұхамбетовтер қатысып, тұрғындардың өтінішіне құлақ түрді. Қабылдауға келген тұрғындар өздерінің жеке және отбасылық мәселелерін айтып, «Билер кеңесіне» жүгінді. Тұрғындардың өтінішін мұқият тыңдаған «Билер кеңесі» мәселені шешу жолында бағыт-бағдар беріп, төрелігін айтты. Айта кетейік, «Атырау облысы билер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің Қызылқоға ауданы бойынша жұмыс тобының құрамына елге сыйлы, өзіндік айтар ойы, берер кеңесі бар жеті адам мүше болып, бүгінде өз жұмыстарын бастап кетті.

Дулат БЕРІКҰЛЫ

 

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?