Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«Жолда қабылдау» акциясы өтті

Аудандық полция бөлімінің ұйымдастыруымен 5-6 сәуір күндері «Жолда қабылдау» акциясы өткізілді. Акция Миялы ауылындағы «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы ғимараты алдында өтті.

Оған аудандық полиция бөлімі бастығының қызмет жөніндегі орынбасары, полиция подполковнигі Нұркен Нұғманов, ӘПБ-нің бастығы, полиция аға лейтенанты Данияр Дүйсембаев, ЖПҚБ бастығы, полиция майоры Ербол Ғаниев және тағы басқа жауапты мамандар қатысты.

Екі күнге жоспарланған акция барысында аудан тұрғындары өздерін толғандырған сауалдарды полиция қызметкерлеріне қойып, көкейде жүрген мәселелерін көтерді. Соның ішінде жол қозғалысын бақылау, заңсыз қару айналымы, әкімшілік айыппұл төлеу, көші-қон қызметі бойынша сауалдар қойды. Полиция қызметкерлері тұрғындар көтерген тақырыптар бойынша заң аясында жауап беріп, кең көлемде түсінік жұмыстарын жүргізді.

Дулат БЕРІК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521