060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Ауызсу тапшылығы ауылдықтардың жүйкесін жұқартты

Жаз шықса, тамшы суға зар болатын Сағыз бен Мұқыр ауылы тұрғындарының жанайқайы жауыр болған мәселе.

Себебі, бұл елді мекендерді ауызсумен қамтитын «Кереген-Сағыз-Жамансор» топтық су құбырын 2014 жылдан бастап сенімгерлікпен басқаруға алған ЖК «Садықов» сенімді ақтай алмай, халықтың наразылығын тудырып отыр. Өткен жұмада аудан әкімі Арман Баженов Сағыз ауылы тұрғындарымен кездесіп, мәселенің шешімін табу мақсатында қолға алған жұмыстарын баяндады. Әрине, әкім әншейін кездесуге бармады. Халықтың мұңын тыңдап, бұған дейін де ауызсу көздерін ашу мақсатында Ақтөбе облысының Байғанин ауданынан 3 ұңғыма қазу жоспарланып, жобаның технологиялық процесінің басталғанын алға тартты.

ЖК «Садықов» мекемесінің не себепті талаптан шыға алмауын зерделеген аудан басшысы Арман Баженов, келісімшарт бойынша алдымен жергілікті халықты ауызсумен қамтымай, сырттан келетін мекемелерге су сатуды тоқтатуға талап қойды. Ауызсумен қамтуды жауапкершілігіне алған мекеме көлікпен болса да тұрғындарға су жеткізіп беруге міндетті екенін қадап айтты.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?