Несие мақсатты жұмсалуы тиіс

«Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының ғимаратында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Бизнес Бастау» жобасы аясында кәсіпкерлік негізде оқып жатқандарға кеңес беру мақсатында семинар ұйымдастырылды.

Онда алдымен сөз алған бизнес тренер Амандық Әбуов жиынның мақсатын түсіндіргеннен кейін аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Зинеш Сарбуфеева мемлекеттік «Кәсіпкерлік», «Сыбаға», «Игілік», «Ауылдық жердегі шағын және орта бизнесті дамыту» бағдарламалары бойынша берілетін несие көлемін, грант алу үшін тың жоба ұсыну қажеттігін жеткізіп, ең бастысы алынған несиенің мақсатты жұмсалуы қажеттігін ескертті. Сонымен бірге, аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Сүндет Бағытжанов кәсіпкерлік нысан салу үшін берілетін жерлердің аукцион арқылы өту тәртібін, кепілге салынатын жылжымайтын мүлікті бағалау бағытында кеңес берсе, аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы Жанбибі Иманалиева орталық арқылы кәсіпкерлерге берілетін несиелер, қажетті құжаттар туралы түсінік берді. Семинар соңында олар «Бизнес Бастау» жобасы аясында кәсіпкерлік негізде оқып жатқандардың қойған сауалдарына жауап берді.

Айымгул Жалғасқызы

Күнтізбе

октября 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031