060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Ауыл жастары ат мінгізді

Сағыз ауылы қашанда кішілік пен кісіліктің келбеті анық көрінетін берекелі ауыл.

Оған дәлел – сексен жылдық мерейтой барысында ауыл жастарының туған ауылының тұғырын биіктетіп, ел ағаларына лайық ізгі іс бітіріп жүрген азаматтарды құрметтеп, қошеметтеуі. Баршамызға белгілі Сағыздан түлеп ұшқан белгілі азаматтар Жауғашты Нәбиев пен Сағызбек Тастеміров өз ауылдарын көркейту жолында аянып қалған емес. Бірі ауылға көрікті қылып мешіт салып берсе, енді бірі жас балуандар үшін спорт кешенін салуда. Міне, дәл осындай атымтай ағаларына құрмет көрсетуді құп көрген ауыл жастары мерейтойдың алғашқы күні қос азаматқа тұлпар мінгізді.

Салтанатты шара алдында ауылдың белсенді жасы Артур Абдиров құттықтау сөз сөйлеп, алыста жүрсе де туған жерінің тұғырлы болуын ойлайтын азаматтарға жастар атынан алғысын білдірді. Жастардың бұл сыйларына риза болған Сағызбек Тастеміров өзіне берілген тұлпарды жерлес жазушы, ауданның Құрметті азаматы Тәжібай Жаңаевқа сыйлап, мәрттік танытты. Осындай жан тебірентер үлгілі іске сол күні кешке өткен мерекелік концертте тағы бір мәрте куә болдық. Бұл жолы ауыл жастары сексен жылдық мерейтойды ұйымдастырып, көпке үлгі болған Мейірболат Макулов пен Санабай Боранқұловқа қазақы дәстүрмен шапан жауып, ат мінгізді. Бір күнде екі рет қайталанған осынау игі іске қонақтар да, ауыл тұрғындары да риза болды.

Дулат МӘТЖАН.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?