Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

"Сағыз кубогы" Боранқұлда

Сағыз ауылының атын телеарна арқылы ел көлеміне таратқан жайдарманшы жігіттер екені анық.

Сол себептен ауылда өтіп жатқан торқалы тойда жайдарман ойындарының өтуі заңдылық. Соған сай, «Наурыз» тобының мерекелік концертінен соң сахнаға жайдарманшы жігіттер көтерілді. Ауылдың сексен жылдық мерейтойына арналған «Сағыз кубогы» атты ойынға Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарынан барлығы төрт команда қатысты. Астарлы әзіл, қазақы қалжың айтылған жайдарман ойындарында қазылар алқасының шешімімен бірінші орынды маңғыстаулық «Боранқұл» құрамасы иеленіп, 300 мың теңге мен арнайы кубокқа ие болды.

Екінші орынды ақтөбелік «Фемида» командасы иеленіп, олар 200 мың теңгеге қол жеткізсе, үшінші орынды жеңіп алған «Грант Орал» командасына 100 мың теңгенің сертификаты табысталды. Ал, қонақтарға жол берген «Қызылқоға» құрамасы Алғыс хатқа ие болды. Сондай-ақ, жайдарман ойындарының «Үздік ойыншы» атағы «Пшөн» есімімен танымал сағыздық Ерқанат Рзашевқа берілді. Осылайша, мерейтойдың алғашқы күні салтанатты жиынмен басталып, көңіл көтерер жайдарман ойындарымен аяқталды.

Дулат БЕРІК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521