060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Қайталама куәліктер тегін беріледі

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері азаматтық хал актілері 2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген кезде, («АХАТ тіркеу пункті» ақпараттық жүйесі қызмет еткен сәтінен бастап) анықтамаларды электрондық форматта беру 1 (бір) жұмыс күні.

«АХАТ тіркеу пункті» ақпараттық жүйесінде акт жазбаларының электронды нұсқасы болған жағдайда және тіркеуші органның мұрағатында азаматтық хал актісі болған жағдайда көрсетілетін қызмет алушымен қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап 5 (бес) (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді) жұмыс күні ішінде көрсетіліп, дайын құжаттар 5 (бес) жұмыс күні беріледі. Егер басқа мемлекеттік органға сұрау жолдау қажет болса, қарау мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтізбелік 30 (отыз) күнге дейін ұзартылады. Порталда өтінішті алғандығын растау бөлігінде хабарлама алу – 1 (бір) жұмыс күні; Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды және қағаз түрінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы/тегін жеке тұлғаларға көрсетіледі. Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәлікті бергені үшін 1 айлық есептік көрсеткіш (АЕК). Қазақстан Республикасының азаматтарына азаматтық хал актілері туралы анықтаманы бергені үшін 0,3 АЕК. Көрсетілетін қызметті алушы немесе оның уәкілетті өкілі орталыққа жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алушыға қажетті құжаттар түріне байланысты осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес нысан бойынша қайталама куәлікке өтініш, жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін), бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат немесе салық жеңілдіктерін беруге негіз болатын құжат, қызмет алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариатта куәландырылған сенімхат. Қайтыс болу туралы қайталама куәлік (анықтама) беру туралы өтініш берген кезде, қайтыс болған адаммен туыстығын растайтын құжаттар қосымша ұсынылады. Мемлекеттік қызмет көрсету қайталама қайтыс болу туралы куәлік беру тегін көрсетіледі.

Сәнімгүл ЖҰБАЕВА, аудандық жұмыспен қамту,

әлеуметтік бағдарламалар және

азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы

Сурет: Ашық дереккөзден

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?