banerkzbig

МЕРЕЙДІ ӨСІРГЕН МАРАПАТ

«Арман» мәдениет үйінде 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай салтанатты жиын болып өтті.

Шараны құттықтау тілекпен ашқан аудан әкімінің орынбасары Марат Әбуов мерекеге орай Ойыл ауылдық округінің бас маманы Абат Ақбалашұлын облыс әкімінің, Сәния Ахметниязова облыстық мәслихат хатшысының алғыс хатымен марапаттаса, сол сияқты Бисенбай Қазиев, Гүлнұр Батихова, Ержан Сапиев, Гүлайым Сырымова, Зейнолла Шаликов, Гүлжан Мұқатаеваларға аудан әкімінің алғыс хатын табыстады. Сондай-ақ, салтанатты шарада Медет Қабылқайыров, Қазбек Айыпқалиев, Жанаргүл Сарбаева, Алтынбек Бейбітовтер аудандық мәслихат хатшысының алғыс хатымен марапатталды. Мерейді өсірер марапаттан соң мемлекеттік қызмет саласының ардагері Қайырғали Ерекенов құттықтау сөз сөйлесе, қызметке жаңа тұрған аудандық мәдениет тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Ақнұр Аязбайқызы мен Жангелдин ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Дулат Мырзагереев салтанатты түрде ант қабылдады. Салтанатты кеште мемлекеттік қызмет саласының ардагерлері де ұмыт қалмай, оларға аудан әкімі атынан естелік сыйлықтар үлестірілді. Жиын одан әрі мерекелік концертпен жалғасын тапты.

Гүлмира ТІЛЕГЕНОВА

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Күнтізбе

Редакция

 
Сисенов Бауыржан

Сисенов Бауыржан Аманұлы
- "Қызылқоға" газетінің бас редакторы

Бердіғалиев Бауыржан

Бердіғалиев Бауыржан Оқасұлы- Бірінші санатты тілші


Губайдуллин Дулат

Губайдуллин Дулат Берікұлы
- Екінші дәрежелі тілші


Тілегенова Гулмира

Тілегенова Гулмира Мақсотқызы
- Екінші дәрежелі тілші


kosybaeva-ajymgul

Қосыбаева Айымгүл Жалғасқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig