060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

АДАМ ТАҒДЫРЫНА ЕНЖАР ҚАРАМАЙЫҚ

Кеше «Арман» мәдениет үйінде өткен қоғамдық кеңеске аудан әкімі Арман Баженов, мәслихат хатшысы Толқын Бейсқали, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, бөлім басшылары, кеңес мүшелері, аудандық полиция бөлімі қызметкерлері мен ауыл тұрғындары қатысты.

k

Жиынға қатысушылар күн тәртібіндегі мәселе бойынша «Ауданда жол қауіпсіздігінің сақталу жайы» туралы аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Нүркен Нұғмановтың хабарламасын тыңдады. Хабарламашының айтуынша, биылғы жылдың І жартыжылдығында аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің патрульдік полиция қызметкерлерімен жол ережелерін бұзған тұлғаларға қатысты 541 құқық бұзушылық анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде көлік құралын алькоголді ішімдік ішіп басқарған 21 тұлға аудандық соттың шешімімен үш жыл мерзімге көлік құралын басқару құқықтарынан айырылды. Есепті мерзім ішінде облыс бойынша орын алған 104 жол-көлік оқиғасынан 195 адам дене жарақатын алса, 29 адам қайтыс болды. Ал, аудан көлемінде 2 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның біреуі адам өліміне әкелді. Нақтырақ айтқанда, 16 маусым күні Миялы ауылы О.Сүлейменов атындағы көшенің бойында бір жасөспірімді автокөлік қағып кетіп, нәтижесінде жеткіншек аудандық ауруханада қайтыс болды. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Миялы ауылының көшелеріне орнатылған бес бейнекамераға жөндеу жұмыстары жүргізілгенімен түсірілуі сапасыз күйде қалып отыр. Сонымен қатар, жиында аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Құмар Хасанов, аудандық тұрғын үй-коммуналды шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мұратбек Кәрімнің қосымша хабарламалары тыңдалды. Кеңес отырысында кеңес мүшелері Айжан Ізімова, Бағытжамал Жұмабаева сауалдар қойып, ұсыныстарын айтты. Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Арман Баженов: – Әр жол-көлік оқиғасының артында адам тағдыры тұрғанын естен шығармауымыз қажет. Ал, мұның алдын алу жергілікті атқарушы мен құқық қорғау органының жұмысы. Бұл ретте, аудандық полиция бөлімінің жұмысын әлі де жандандыру керек. Кеңес отырысында айтылған сын-ескертпелер осы жерде қалмасын. Егер осыдан еш нәтиже шығармасақ, бүгінгі жиынымызды бекр өткізген болып шығамыз, – деді.

Бауыржан САҚТАСИНОВ

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?