Депутат қоғамдық қабылдау өткізді

Сәрсенбі күні «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалының бірінші орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Нұрлыбек Ожаев Тайсойған ауылына іссапармен келіп тұрғындарды қабылдады.

2

Қабылдауға дейін ауылдағы фельдшерлік-акушерлік пункт пен Ғ.Сланов атындағы орта мектепті аралап, жұмысымен танысты. Қоғамдық қабылдауға келген азаматтардың дені тұрғын үйге, жұмысқа орналасуға байланысты өтініштерін айтып, мәселелердің оң шешілуіне ықпал етуін сұрады. Тұрғын үйін ұлына сыйға тартып, өзі аудан орталығында тұрғысы келетінін жеткізіп, Миялыдан баспана алып беруіне көмектесуін өтінген зейнеткер Жолдығали Маженовке жауап берген Нұрлыбек Ожаев алдымен еліміздің «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес тұрғын үй кезегіне тұру қажеттігін, бірақ атағындағы баспанасын сатса немесе балаларына сыйға тартқан, мұраға берген жағдайда аталмыш Заңда көрсетілгендей бес жылдан кейін ғана тұрғын үй кезегіне тіркелуге болатынын қаперге берді.

3

Тайсойған ауылдық бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Түзгінбай Өрбісінов өр суының тасымауынан Жарыпшыққан өзегіне су келмегендіктен арна бойынан қуатты техникалармен мал су ішетін суат қазып беруге ықпал етуін сұрады. Бес баламен зейнеткерлікке шыққан Ақкүміс Инаева мүмкіндік болса жұмыс жасағысы келетінін ал, күміс алқалы ана Алма Тоғұзақова үйі апатты жағдайда екенін, сондай-ақ, колледж бітіріп келген қызын жұмысқа орналастыру туралы сөз қозғады. Сонымен бірге, қабылдауда мектеп медбикесі Аругүл Сағидоллақызы асхана диетологы басқа ауылда тұратындықтан, ас мәзірін тексеруге келмейтіндігін айтса, ауыл тұрғыны Асылбек Серікбаев тұрақты жұмыс іздейді. Бес баласы бар Мақпал Тасмағамбетова мүгедек баласына немесе облыста құқық саласында қызмет етіп жүрген баласының атына Атырау қаласынан тұрғын үй алуға жәрдемдесуін өтінді. Тұрғындардың өтініштерін мұқият тыңдаған облыстық мәслихат депутаты Нұрлыбек Ожаев қоғамдық қабылдауға қатысқан аудан басшыларымен кеңесе отырып, заң тұрғысында жауап берді.

Бауыржан БЕРДІҒАЛИЕВ

Айымгул Жалғасқызы

Күнтізбе

октября 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031