060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Нанды қорлау наданның ісі

Атамыздың аңыз-әңгімелерін естіп, әжеміздің етегіне аунап өскен соң барлық адамгершілік құндылықтарды естіп өстік.

Өмірін қиындықпен өткерген атамыздың әңгімелерін естігенде, бүгінгі күнге тәубе етеміз. Өткен ғасырдың отызыншы жылдарында өз баласының сирағын үйітіп жеп, минут сайын қырылған, қара қазаны кері төңкерілген қазақ елінің ауыр жағдайы тарих бетіне алтын әріппен жазылғаны белгілі. Қара нанға зар болған қазақ халқының қазіргі жағдайы қалай?! Бүгінде, «Нанды қастерлеуміз керек» деген сөздер құр бос, селдір сөзге айналды. Гаджеттерден түрлі желілерге кіріп, еуропаның етегіне еріп, біреудің қаңсығын таңсық қылып жатырмыз. Соның бірден бір дәлелі туған күн иесінің бетіне тортты «былш» еткізіп жапсыру. Кремін үстіне, нанды денеге жапсырып, аяқпен езгілеу ысырапшылдық болмай немене?! Ащы термен келген еңбекті аяққа таптағанымыз адамдық құндылығымыздан айырмай ма?! Құранда «ысырап етпе, ысырап етушілер сөзсіз шайтанға бауыр болмақ», – деп жазылған. Ашқа азық болған нанды аяққа таптап, шыныдай шашып, таптау рухани жадымызды жабырқатып, төмендететіні хақ.

Сондықтан, жоғарыда айтқан қылықтарды дәстүрімізге енгізбей, нанды ысырап етпеу керектігін баршамыз естен шығармағанымыз дұрыс.

Кәмшат АРАЛБАЙ,

10-сынып оқушысы.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?