Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Студенттерге көңіл бөлінгені дұрыс

Аудандық «Қызылқоға» газеті биылғы жылдың алғашқы санында «Жастар жылынан не күтеміз?» деген тақырыпты қозғаған екен.

Тілші Бауыржан Бердіғалиев жастар жылынан күтілетін нәтиже туралы әр сала мамандарының пікірін біліп, маңызды мәселе көтерді. Аудан әкімінің орынбасары Марат Әбуов жастар жылында ауданға инвесторлар тарту арқылы жаңа спорт нысандарын салу жоспарда бар екенін айтса, «Мұқыр» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серікболсын Беріков ауылдық жерлерде жастардың бас қосатын орыны жоқтығын тілге тиек етіпті. Сондай-ақ, аталмыш мақалада жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлікке баулу, үкіметтік емес ұйымдарды көптеп ашу сынды өзекті мәселелер сөз болғанын оқып білдік.

Мақаланы оқи отырып маған «Студент жастар да елеусіз қалмаса екен» деген ой келді. Оны айтып отырған себебім студенттер қысқы және жазғы каникулда ауылға келгенде баратын, бас қосатын жерлер жоқ. Рас, «Жасыл ел» жастар жасағы студенттерді жұмыспен қамтиды. Бірақ, жұмысшы саны шектеулі болғандықтан барлық студент қамтылмайтыны белгілі. Ал, сонда қалған студенттер не істеу керек? Солардың каникулын тиімді өткізу мақсатында қызықты іс-шаралар көбейсе деген ұсынысым бар. Мысалы, жастардың интелектуалды ой-өрісін дамытатын ойындар ұйымдастырылса бәріміз ұйымшылдықпен қатысар едік. Қорыта айтқанда, жастар жылында студенттерге де көңіл бөлініп, басшылар тарапынан осы ұсынысым ескерілсе нұр үстіне нұр болар еді.

Заңғар АҚМОЛДА,

студент.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521