060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Еңбек ерлері ескерусіз қалмаса игі

Сағыз ауылы – ауданымыздың абыройын асыруға, дамытуға үлес қосатын үлкен елді мекен екені белгілі.

Бұл өлке қасиетті ұлы тұлғаларға толы өңір. Сағыз ауылының құрылғанына 80 жыл толған тойын үлкен абыроймен атап өтті. Елге еңбегі сіңген Тобанияз, Зәкәрия бастаған алаш азаматтарына ескерткіштер мен саябақтар жасады. Мұнымен тоқтап қалуға болмас, еліміздің дами түсуіне қарттарымызда, жастарымызда жұмыла кірісу керек. Әсіресе, Сағыз ауылындағы үш орта мектеп пен Қызылқоға аграрлы-техникалық колледжі бірлесе жұмыс істеп, оларға Сағыз ауылдық округі әкімі аппараты қозғау салғаны дұрыс. Негізінен бұрыннан қозғап келе жатқанымдай, ауылдық жерлерге тұрғылықты жердің азаматтары басшы болғаны ләзім. Өйткені, сегіз мыңға тарта халқы бар ауыл тұрғындарымен жаңа басшының танысуы үлкен ауырлық келтіреді. Соның салдарынан елдің өткені мен бүгінін салыстырып, ел экономикасын осындай жағдайға келтірген еңбек ерлері, тер төккен малшы-механизаторларымыз, ұстаздарымыз бен дәрігерлеріміз ескерусіз қалуда. Тіпті, қазір өмірде бар ардагерлерді марапаттау, құттықтау қалып бара жатыр. Себебі, округ әкімшілігі «Кім бар?» деп іздемейді. Бұл тұста, марапат сұрап отыр деген әңгімені емес, қолдарынан іс келетін жастарды тәрбиелеуді қарттармен бірге қолға алып, алға жылжу керек.

Қорыта айтқанда, елдегі кәсіпкерлерге иек артып отырмай, әр азамат Елбасының бастамасын қолдап, аянбай еңбек ету керек.

Әбділқайыр МОЛДАШҰЛЫ,

ауданның Құрметті азаматы. Сағыз ауылы

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?