Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЖЕРЛЕСТЕР ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

Газетіміздің өткен сандарының бірінде «Мұздан медаль тергендер...» деген тақырыппен керлинг спортымен айналысып жүрген жерлестер туралы жазған болатынбыз. Сол мақалада облыс керлингшілері ел чемпонатына дайындалып жатқандығы баяндалған еді.

Жақында Алматы қаласынан ақжолтай хабар жетті. Аталмыш додада облыс намысын қорғаған керлингшілер  нәтижелі өнер көрсетіп, жүлделі орындармен оралды. 
 Жылдың басты жарысына еліміздің  10 облысынан 150 спортшы қатысып, олар керлингтің ерлер, әйелдер, аралас және жұптық сайыста бақтарын сынады. Құрылғанына үш жыл енді толған облыс командасы соған қарамастан өзгелермен терезесі тең өнер көрсетті. Нәтижесінде облыстың ерлері де, әйелдері де екінші орынға қол жеткізсе, жұптық сайыста үшінші орынды жеңіп алды. Команда капитаны Рамазан Сахиевтің айтуынша аталмыш жарыста Арсен Жолдас, Нұрислам Айбарұлы, Әлихан Жолдас, Әбілмансұр Бақтығұл, Гүлхан Сарбасбай, Інжу Айбарқызы, Бұлбұл Мақсотовалар облыс намысын абыроймен қорғап қайтқан. Жерлестер алдағы уақытта өтетін Қазақстан Республикасының спартакиадасы, ел кубогы, универсиада сияқты кезекті жарыстарға дайындықты бастап кетті. 

Дулат ҒҰБАЙДУЛЛИН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521