Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ТИТАМИ ТӨРІНДЕГІ ТАРТЫСТЫ БӘСЕКЕ

Жас балуандардың шыңдалып, ерте жетілуі үшін түрлі деңгейдегі жарыстарды жиі өткізіліп тұру ләзім. Соған сай, Миялы орта мектебінің спорт залында Қызылқоға балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі Жангелдин филиалының ұйымдастыруымен дзюдо күресінен жасөспірімдер арасында аудандық турнир болып өтті.

Оған Сағыз, Миялы, Жангелдин, Ойыл, Көздіғара ауылдық округтерінен барлығы 150-ге жуық балуан қатысты. Ал, Мұқыр және Тасшағыл ауылының балуандары ауа райының қолайсыздығына байланысты жарысқа келе алмады. Ауылында өтіп жатқан турнирге жангелдиндік жанкүйерлер де көптеп жиналып, жас балуандарды ыстық ықыласпен қолдап отырды. 
Жарыстың ашылу салтанатында Жангелдин ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Дулат Мырзагереев қонақтарға қош келдіңіз айтса, Қызылқоға балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Болатбек Меңдіғалиев қазақ күресінен жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан чемпионатында күміс жүлдегер атанған Айару Бағытжанға жаттықтырушылар атынан ұялы телефон сыйлады. Бұдан соң дүбірлі дода басталып, жас балуандар 16 салмақ бойынша өзара кім мықтыны анықтады. Жарыс нәтижесінде миялылық балуандар 8 салмақ бойынша топ жарса, Сағыз балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің 6 шәкірті қарсылас шақ келтірмей, бірінші орынға ие болды. Жангелдиндік балуандар 2 бірінші орынмен үздік үштікті түйіндеді.  Жеңімпаз-жүлдегерлер диплом және медальдармен марапатталды. 
Осылайша аудандық турнир өз мәресіне жетіп, жаттықтырушылар өз шәкірттерінің қарым-қабілетін бір байқап алды. 

Дулат МӘТЖАН

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521