banerkzbig

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚШЫЛАР СЫНҒА ТҮСТІ

Миялы спорт кешенінде аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Қызылқоға ауданының 75 жылдығына орай тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасында облыстық ашық турнир өтті.

Зияткерлік сайысқа Атырау қаласынан, Жылой, Махамбет, Қызылқоға аудандарынан оқушылар қатысып, өзара кім мықтыны анықтады. Екі күнге созылған облыстық турнирдің қорытындысында, 2003-2006 жылғы ұлдар арасында Диас Жексенбай (Махамбет), қыздар арасында Айдина Есенжан (Махамбет), 2007-2008 жылғы жасөспірімдер арасында Жансая Бауыржан (Махамбет), қыздар арасында Рауан Сисенғали (Қызылқоға), 2009-2010 жылғы ұлдар арасында Ерболат Бауыржанұлы (Махамбет), қыздар арасында Ақторғын Мыңбай (Қызылқоға), 2011 жылғы балғын тоғызқұмалақшылар арасындағы жарыста ұлдар арасында Ертарғын Қоңыр (Қызылқоға), қыздар арасындағы сайыста Жанару Сайлаубай (Атырау) І орынды жеңіп алды.

Командалық есепте Қызылқоға ауданы І орынға қол жеткізсе, Махамбет ауданы ІІ орынды, Атырау қаласының оқушылары ІІІ орынды иеленді. Жарысты қорытындылаған аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жарас Есенғалиев жарысқа қатысқан жасөспірімдерге алғысын айтып, жеңімпаз-жүлдегерлерді марапаттады.

Нұрәділ ЕЛАМАН

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Күнтізбе

Редакция

 
Сисенов Бауыржан

Сисенов Бауыржан Аманұлы
- "Қызылқоға" газетінің бас редакторы

Бердіғалиев Бауыржан

Бердіғалиев Бауыржан Оқасұлы- Бірінші санатты тілші


Губайдуллин Дулат

Губайдуллин Дулат Берікұлы
- Екінші дәрежелі тілші


Тілегенова Гулмира

Тілегенова Гулмира Мақсотқызы
- Екінші дәрежелі тілші


kosybaeva-ajymgul

Қосыбаева Айымгүл Жалғасқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig