banerkzbig

НҰРЛАН Токио олимпиадасына жолдама алды

Атыраулық Нұрлан Домбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада Комитетінің ұйымдастыруымен өткен "Алтын Самғау - 2019" спорттық сыйлығында "Ең үздік паралимпиадалық спортшы" аталымында жеңімпаз атанды.

Нұрлан ағымдағы жылдың ақпан айында Түркияда өткен әлем біріншілігінің алтын алқасын иеленген болатын. Осылайша, паратаэквондодан екі дүркін әлем чемпионы атанды.

2nur

Шілдеде өткен Иордания мемлекетіндегі біріншілікте - Азия чемпионы, қарашада Италияда болған турнирде - Еуропа чемпионы болды. Ол 2019 жылы өткен байрақты бәсекелердің бәрінде Көк байрағымызды көкте желбіретіп, Әнұранымызды шырқатты. Паратаэквондоға 2014 жылы келсе де, бүгінде, ол 75 келі салмақта қарсылас шақ келтірмей, паратаэквондашылардың әлемдік рейтингінде көш бастап тұр. Ендігі мақсаты - келер жылы Жапонияда өтетін Паралимпиада ойындарында үздік деп танылу.

3nur

- Бала кезімнен спортқа жақын едім. Футбол, баскетбол, одан қалса каратэ, таэквандо сияқты шығыс жекпе-жектерін жақсы көретінмін. Екі қолымнан айырылғаннан кейін паратаэквондоға қатысу туралы ойлай бастадым. 2016 жылы жарыстарға шығып, сол жылы-ақ Еуропа чемпионы атандым. Мен спорттан өз жолымды таптым деп ойлаймын. Спортқа келгелі достарымның да қатары көбейді. Жалпы, қай спортшының да арманы - Олимпиада чемпионы атану. Сол арманыма жетемін деген ниеттемін, - дейді Нұрлан Домбаев.

Айта кетейік, 38 жастағы Нұрлан Домбаев - екі дүркін әлем, екі дүркін Азия және екі дүркін Еуропа чемпионы атанған алғашқы атыраулық спортшы.

Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Күнтізбе

Редакция

 
Сисенов Бауыржан

Сисенов Бауыржан Аманұлы
- "Қызылқоға" газетінің бас редакторы

Бердіғалиев Бауыржан

Бердіғалиев Бауыржан Оқасұлы- Бірінші санатты тілші


Губайдуллин Дулат

Губайдуллин Дулат Берікұлы
- Екінші дәрежелі тілші


Тілегенова Гулмира

Тілегенова Гулмира Мақсотқызы
- Екінші дәрежелі тілші


kosybaeva-ajymgul

Қосыбаева Айымгүл Жалғасқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig