Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ТАТАМИ ШЕБЕРЛЕРІНІҢ МЕРЕЙІ ҮСТЕМ

Жақында Атырау қаласында Қазақстан Республикасының Құрметті спорт қайраткері Асан Раушановтың 55 жылдық мерейтойына орай дзюдодан жасөспірімдер арасында республикалық ашық турнир өтті.

Оған Қызылқоға балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде тәлім алатын дзюдошылар қатысып, жеңімпаз-жүлдегерлер қатарынан көрінді. Айталық, ерлер арасындағы сайыста Дидар Аманжол (50 келі, Сағыз) мен Саламат Жандарбек (66 келі, Миялы) татами төрінде қарсылас шақ келтірмей турнир жеңімпаздары атанса, Жүрсін Болат (66 келі, Миялы) екінші орынды еншіледі. Ал, Ерсін Болат (50 келі,Миялы) пен Әль-Фараби Нұржан (55 келі, Миялы) үшінші орынды иеленді. Сондай-ақ, қыздар арасындағы дода да сағыздық қос дзюдошы Зарина Тұрғали 48 келі салмақта екінші орынды жеңіп алса, Жазира Қожық 40 келі салмақта үшінші орынға ие болды.

Осылайша, аудан спортшылары республикалық турнирде топ жарып, аудандағы дзюдо күресінің мықтылығын тағы бір мәрте танытты.

Нұрәділ БИЖАН

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521