Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

"Суперкубоктен" үміт мол

28 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында волейболдан ерлер арасындағы ҚР 27-ші Кубогы өтті, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

"Атырау" клубы тартысты ойында екінші орын иеленді.

Волейболшыларымыз жарыстың ширек финалында петропавлдық "Есіл СК" командасын 3:0 көрсеткішімен жеңіп, жартылай финалда дәл сол есеппен "Ұшқын-Көкшетау" командасын тізе бүктірді. Финалдық матчта атыраулықтар Алматы қаласының «Буревестник» командасынан 3:0 есебімен ұтылды. Ал Маңғыстау облысының "Маңғыстау" командасы үздік үштікті қорытындылады. - Қазіргі таңда біздің команда алда өтетін "Суперкубок" ойынына қызу дайындалуда. Осы ойында ҚР кубогында көрсеткен нәтижеден асып түсуге ниеттіміз, - дейді "Атырау волейбол клубының" директоры Амандық Ғарифолла. Айта кетейік, 17-21 қазан аралығында Талдықорған қаласында "Суперкубок" ойыны өтеді.

Ойында Қазақстан кубогында үздік төрттік қатарынан көрінген "Буревестник", "Атырау", "Маңғыстау", "Ұшқын-Көкшетау" командалары өзара бәсекеге түсетін болады. "Суперкубок" иеленген команда 2020 жылдың сәуір айында өтетін волейболдан клубтық Азия чемпионатында Қазақстанның намысын қорғайтын болады.

 

Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет: ӨКҚ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521