Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

МҰҒАЛІМДЕР ШЫН МЫҚТЫНЫ АНЫҚТАДЫ

Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Мұғалімдер күні» мерекесіне орай, аудан орталығындағы стадион мен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің базасында, орта білім беретін мектептердегі дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің арасында көпсайыстан жарыс өтті.

Оған аудандағы орта мектептен барлығы елу мұғалім қатысты. Сайыстың шарты бойынша, 30 жасқа дейін, 30-40 жас аралығы, 40 жастан жоғары деп бөлінген мұғалімдер жүз, үш мың, екі мың метрлерге жүгіру, бір орыннан ұзындыққа секіру, диск лақтыру, турникке тартылу, арқанға өрмелеу секілді сындардан өтті.

kopsajys2

Нәтижесінде, отыз жасқа дейінгі ұстаздар арасындағы көпсайыста Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиясының дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Сейілхан Оқас бірінші орынды жеңіп алса, екінші орынды Қаракөл орта мектебі дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Нұрқанат Қамза, үшінші орынды Мұқыр орта мектебі дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Есбол Аралов иеленді. 30-40 жас аралығындағы ұстаздар арасында бірінші орынға Миялы орта мектебінің мұғалімі Ринат Қабдолов ие болса, екінші орынды №9 орта мектебінің мұғалімі Аманжол Бекбаулиев иеленді. Сағыз орта мектебінің мұғалімі Азамат Ендешбай үшінші орынға қол жеткізді. 40 жастан жоғары ұстаздар жарысында №9 орта мектебінің директоры Еркін Сұлтанов бірінші орынды, Миялы орта мектебінің ұстазы Генрих Мұратов екінші орынды, Ш.Еркінов орта мектебінің мұғалімі Айтуар Нысанов үшінші орынды еншіледі.

Шара соңында жеңімпаз-жүлдегерлерге дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етіліп, спортшылардың құрметіне мерекелік концерт қойылды.

Нұрәділ ЕЛАМАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521